ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗДЫ САҚТАУ – ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІҢ НЕГІЗІ
Ключевые слова:
салт-дәстүр, материалдық емес мәдени мұра, ұлттық мәдениет, фольклор, этнограф, құжат, құндылық, өркениет.Аннотация
Мақала қазақтың дәстүрлі мәдениеті бағытында жазылды. Тарихымызда маңызы бар ұлттық құндылықтарымызға тарихи сипаттама беріліп, тарихи-этнографиялық талдау жасалды. Әрбір мемлекеттің өркениеттілігін оның мәдени мұраға деген көзқарасына қарай танып-бағамдауға болады. Өз еліңнің мәдени мұрасына ұқыпты қарау мен басқа мәдениеттің құнды элементтерін қабылдау – адамзат өркениеті дамуының сара жолы. Қазақтың мәдениетін танытатын мол мәдени мұраларымыз жетерлік. Қазақ халқын әлем халқына ғажап халық екенін танытып тұрған, ол біздің ұлттық құндылықтарымыз, салт-дәстүр, әдет-ғұрып пен мәдени мұраларымыз, тіліміз және ұлттық қолөнер мен ұлттық киімдер, ұлттық тағамдар, ұлттық ойындар. ЮНЕСКО-ның Адамзаттың рухани мұрасының көрнекті тізіміне енген ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымызға қатысты элементтер қарастырылды. Мәселен, Наурыз, құсбегілік, айтыс, киіз үй, қазақтың дәстүрлі домбыра, күй өнері, Қорқыт ата мұрасы, қазақ күресі, ортеке биі, тоғызқұмалақ, асық ойыны, қазақ жылқысы секілді салт-дәстүрлерге қатысты тарихи-этнографиялық мәліметтер молынан берілді. Сонымен қатар, белгілі қазақ мәдениетін зерттеуші этнограф-ғалымдарға тоқталып, олардың еңбектері де қарастырылды.