АБАЙ ШӘКІРТТЕРІНІҢ ПУБЛИЦИСТИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАНРЛЫҚ СИПАТЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ключевые слова:
ақын, шәкірт, қисса, Тотынама, Мың бір түн, хилап, ғазап, уағда.Аннотация
ХІХ ғасырдағы қазақ жазба әдебиетінің тарихында «Абайдың әдеби мектебі» қазақ халқының мәдени-тарихи дамуының бір көрінісі болды. Абай мектебінен шыққан ақын шәкірттер қазақ халқының ғасырлар бойы жасаған рухани мәдениетін жаңа биікке көтеруге үлес қосқан тұлғалар ретінде тарихта қалғаны мәлім. Осы негізде жазылған бұл ғылыми мақалада Абайдың айналасындағы шәкірттері турасында айтыла отырып, олардың еңбектері жайында сөз қозғалады. Ақын шәкірттерінің публицистикалық шығармалары зерделенеді. Абайдың тапсырмасымен, һәм қадағалауымен жазылған бірнеше қисса-дастандарға әдеби шолу жасалған. Абайдың талантты ақын шәкірттерінің бірі әнші, композитор, жырау, айтыскер Уәйіс Шондыбайұлының әдеби шығармашылығы мен өмір тарихы туралы да ақпарат берілген. У. Шондыбайұлының «Бір қыздың уақиғасы» дастанының идеялық мазмұны мен көркемдік сипатына әдеби талдау жасалынған. Сондай-ақ, Абай шәкірттерінің публистикалық шығармашылығының жанрлық сипаты мен негізгі ерекшеліктері айқындалған. Зерттеуде М. Әуезовтың еңбектері және абайтанушы қазақ ғалымдарының ғылыми тұжырымдары зерттеу аясын кең тұрғыда қарастыруға негіз болды.