Журнал «Мәдени мұра» – рецензируемый научный журнал открытого доступа
  • Перейти в режим для слабовидящих
ISSN 2708-3365 (Print)
Информация

ХАЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРІНДЕГІ ЕСІМДЕРГЕ ФИЛОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

Авторы

  • Бектұрсын А.С.

Ключевые слова:

фольклор, халық ертегілері, есімдер, дәстүр, антропоним, лингвистика, семантика, этимология.

Аннотация

Ғылыми мақалада ертегідегі есімдердің қойылу ерекшеліктеріне тоқталып, орыс және қазақ ертегілеріне салыстырмалы түрде талдау жасалынған. Антропонимдерге семантикалық тұрғыдан: хайуанаттарға байланысты, түр-түсіне байланысты, төрт түлік малға байланысты, кейіпкердің өмірге келуіне байланысты, болмысына, табиғатына байланысты қойылған есімдер деп бірнеше топқа бөліп қарастырылды. Халық ертегілеріндегі Мыстан мен Баба-Яга секілді мифонимдердің ұқсастығы мен айырым белгілері сөз болады. Түр-түсіне байланысты қойылған есімдерде «Алып Ерсары» ертегісіндегі Ерсары есімінің қайдан шыққаны жөнінде ғалымдардың әрқилы пікірлерін мысалға ала отырып, Ерсары екі компоненттен құралған біріккен тұлғалы антропоним екендігі және мұндағы сары сөзі антропонимдегі қолдану аясына қарай – тіс қаққан, әккі болған, шыныққан деген мағынада қолданылғандығы, екінші бір сары ұғымының анықтамасы – кең дүние, ұшы-қиыры жоқ жалпақ дала және осы екінші ұғым Ерсары бейнесіне жақын екендігіне көзіміз жетті. Сондай-ақ, қазақ ертегілеріндегі кейбір есімдердің құрамы тарқатылып, негізгі мысалдар арқылы дәлелденді. Ертегі кейіпкерлерінің тұрақтары мен сыртқы бейнелерінде кездесетін ерекшеліктер жайлы зерттеу жүргізген Қазақстандық және Ресейлік лингвист, филолог ғалымдардың ғылыми зерттеулері басшылыққа алынды.

Загрузки

Опубликован

2023-11-08

Как цитировать

Бектұрсын А.С. (2023). ХАЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРІНДЕГІ ЕСІМДЕРГЕ ФИЛОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ТАЛДАУ. «Мәдени мұра», 102(3), 116–128. извлечено от https://madenimura-journal.kz/index.php/main/article/view/192