АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ НЕОКЛАССИКАЛЫҚ НӘЗИРА ДӘСТҮРІ
Ключевые слова:
Абай Құнанбайұлы, шығыс классикалық әдебиеті, нәзира дәстүрі, «Ескендір» поэмасы.Аннотация
Абай және Шығыс классиктерінің әдеби, шығармашылық байланыстарын
сөз еткенде, нақтылы зерттеу нысанына алынбай келе жатқан күрделі де
өзекті тақырыптың бірі – Абай шығармаларындағы Шығыстық белгілердің
бір тармағы болған нәзира дәстүрі. Абайтану тарихында бұл жөнінде Мұхтар
Әуезов зерттеулерінде ғана сөз болып, пікір сабақталды. Нәзира дәстүрі –
ілгеріде жазылған классикалық шығыс әдебиетінде қалыптасқан мәңгілік
тақырыптармен байланысты үрдіс. Оның қайнары (каноны) да, жайылып
ағатын арнасы (инварианттары) да бар. Ұлы ақын дәстүрлі тақырыпқа шығарма
жазудың шығыстық әдісі – нәзира дәстүрін жан-жақты меңгерген, оны қазақ
топырағына лайықты етіп белгілі дәрежеде дамыта түскен айрықша өнер иесі.
М. Әуезов Абай шығармашылығының үш қайнардан бастау алғанын былай
жіктеген: біріншісі, қазақ халқының мол фольклорлық мұрасы; екіншісі, шығыс
классикалық әдебиеті; үшіншісі, орыс пен батыс әдебиеттері. Зерттеу мақалада
ұлы ақын шығармашылығындағы шығыс классикалық әдебиетінің, оның ішінде
нәзира дәстүрінің көрініс табуы жан-жақты сөз болады. Абай шығармаларындағы
нәзира дәстүрін ғылыми тұрғыдан жүйелеу – ұлы ақын шығармаларындағы
нәзира дәстүрдің түбегейлі зерттелуіне жол ашады деген түйін жасалады.