ТЕҢІЗ-ҚОРҒАЛЖЫҢ ӨҢІРІНІҢ ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫ: XIX ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫ МЕН XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫ НЕГІЗІНДЕ
Ключевые слова:
Теңіз-Қорғалжың, Бытығай, Ноғай, Жібек жолы, қыстау, карта, жер-су атаулары.Аннотация
XX ғасырдың алғашқы ширегі қазақ халқы үшін ауыр да күрделі кезең
еді. Әсіресе Кеңес үкіметінің құрылып, саяси идеологиялық қысым күшейіп
тұрды. 1920 жылдардың ортасынан басталған ұжымдастыру саясаты көшпелі
халықтарды отырықшыландырып қана қоймай жер атауларының өзгеруіне де
үлесін қосты. Әсіресе Ақмола облысының қалаға жақын орналасқан, Ресейден
келген қоныс аударушылар орналасқан аумақтарындағы жер-су атаулары XX
ғасырға дейін-ақ орыс тіліне ауысқан болатын. Ал кеңестік саясат оны тіпті
күрделендіріп, нәтижесінде: Комсомол, Осакаровка, Астраханка деген сияқты
атауларман алмастыруға себепші болды. Алайда, қазақтар басым орналасқан
Қорғалжың өңірінде жер-су атаулары тек қазақша сақталып келді. Төмендегі
мақалада Қорғалжың болысындағы жер атаулары туралы Нұр-Сұлтан қаласы
архивінде сақталған құжаттар төте жазудан аударылып беріліп отыр.