Журнал «Мәдени мұра» – рецензируемый научный журнал открытого доступа
  • Перейти в режим для слабовидящих
ISSN 2708-3365 (Print)
ISSN 3006-1377 (Online)

ОЮ-ӨРНЕК ӨНЕРІНІҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТАНЫМЫ

Авторы

  • Светлана Кузембаева Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Ключевые слова:

Ою-өрнек, мәдени мұра, ою-өрнек өнері, ою-өрнек түрлері, қолөнер, мәдени құндылық, философиялық таным, эстетикалық талғам, рухани құндылық, Палеолит дәуірі, Мезолит дәуірі, Неолит дәуірі.

Аннотация

Мақалада қазақтың ою-өрнек өнерінің дамуы мен
қалыптасуының, өркендеуі мен өрістеуінің философиялық танымы
тың материалдар негізінде тұжырымдалып, тереңінен баяндалады.
Ою-өрнек өнерінің қалыптасу кезеңі көне заманнан бастау алып,
ғасырлар бойы дамып, халықтың өмір тіршілігінде дәстүрлі жалғасып
келе жатқан, түрлі сәнді бұйымдарда, тұрмыстық заттарда көрініс
тапқан мәдени құндылық пен рухани байлықтың негізі болып
табылады. Қазақ халқының ою-өрнек үлгілері ғасырлар қойнауынан
жеткен салқылмас қазына екендігі, халқымыздың оюмен өрнектелген
– шежіре тарихы болғандығы айқын. Қазақ халқы қолөнер дамуының
мәдени құндылықтарын ой таразысына салып, ою-өрнек түрлерімен
айқындап берген. Осы негізде жазылған ғылыми мақалада ою-өрнек
айшықтарын қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде қолданудың
ерекшеліктері сараланып, оның философиялық танымы жаңа
буындармен өрнектелген ою-өрнек түрлерімен жетілгені баяндалған.
Қазақ ою-өрнектері қолданылу аясында кең мағынаға ие болып, ою-
өрнектердің зооморфтық, өсімдіктік, космогониялық, геометриялық
түрлерінің қайта түрленіп, толығуы туралы тың мәліметтер ұсынылған.
Қазақ қолөнерінің көкжиегін кеңейткен, ең ежелгі, әрі кең таралған ою-
өрнек түрлері халықтың философиялық ой-танымын ұлғайтып, халық
қолөнерінің дамуында сан ғасырлық мұра еткендігі сипатталады.
Ою-өрнек – қазақ халқының мәдени дамуының шежіресі мен рухани
құндылығы мен философиялық ой-танымының негізігі көрінісі.
Философиялық таным негізінде қазақ ою-өрнек өнерінің қалыптасып,
дамуы туралы Ә. Марғұлан, С. Қасиманов, И. Ожегов, М.С. Каган,
Т.В. Холостова, К. Нұрланова, Ә. Нысанбаев, Т. Әбжанов ғалымдардың
тұжырымды ой-пікірлері қарастырылған.

Опубликован

2024-04-05

Как цитировать

Кузембаева, С. (2024). ОЮ-ӨРНЕК ӨНЕРІНІҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТАНЫМЫ. «Мәдени мұра», 104(1), 118–128. извлечено от https://madenimura-journal.kz/index.php/main/article/view/404

Наиболее читаемые статьи этого автора (авторов)