ЕЖЕЛГІ БОТАЙ ТҰРҒЫН ҮЙІ ҚАЗАҚ ШОШAЛАСЫ: ТҮРЛЕРІ, ҚЫЗМЕТІ, ГЕНЕЗИСІ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Аннотация
Мақалада Ботaй мәдениетіне қатысты 1980 жылдан бастап зерттеліп келе жатқан Ботай тұрғын үйі мен қазіргі кезде қазақ даласында сақталып қалған қазақ шошаласына салыстырмалы тұрғыда зерттеу жасалынған. Қазақ шошаласы мен Ботайлық тұрғын үй ұқсас болып келеді. Ботай мәдениетінде пайда болған Ботай тұрғын үйі қазақ киіз үйінің прототипі болуына негізгі бір дәлелі - қазақ шошаласы. Зерттеу барысында шошала Еуразия алқабындағы тұрғын үйдің, соның ішінде киіз үйдің генезисінде айрықша қызмет атқарғандығы және қазaқ шошаласы ғасырлар бойы сақталып келген ежелгі Ботай тұрғын үйлері деп айтуға ғылыми негіз бар екендігі анықталды. Ботайлықтардың тұрғын үйлері 1980 жылы Ботай қонысы ашылғаннан бастап көптеген ғалымдардың негізгі зерттеу объектісіне айналған болатын. Ботай мәдениеті өзінің алты қанатты тұрғын үйлерімен әйгілі. Ботай тұрғын үйінің түпнұсқасы бүгінгі күнге дейін сақталмағандықтан Ботай тұрғын үйінің эксперемент түрлері өте көп. Мақалада бірнеше мыңжылдықтардың арасын жалғаған тарихы бар Ботай мәдениеті мен Ботай тұрғын үйлері туралы, шошaлa сөзінің шығу этимологиясы және Ботай ғылыми-экспереминталды тұрғын үй кешені туралы кең көлемде ақпарат ұсынылған.