Казахские зимовки XIX века (историографический аспект)
Ключевые слова:
казахи, этнология, этнография, материальная культура, зимовки, поселения, историографияАннотация
Қазіргі заманда қазақ халқының дәстүрлі
шаруашылығына деген қызығушылық айтарлықтай артты, бұл
тәуелсіз Қазақстанның рухани дамуымен байланысты екені сөзсіз.
Қазақтардың тарихы мен этнографиясына деген қызығушылық тек
ғылыми мамандардың ғана емес, қалың бұқараның арасында да
байқалады. Ата-бабаның тарихи-этнографиялық мұрасын объективті
түрде зерттеп бағалау және насихаттау күн тәртібінен алынып тастал-
ған жоқ. Осыдан оқырманға ұсынылып тұрған мақаланың мақсаты:
қазақ этнологиясында аз зерттелген мәселелесіне – ХІХ ғасырдағы
қазақтардың қыстаулары; олардың пайда болуы, құрылымы, қысқы
тұрақты қоныстар мен тұрғын үйлердің формалары мен түрлерінің
дамуы жазбаша деректер бойынша тарихнамалық шолу жасау. Бұл
ретте төңкеріске дейінгі және қазіргі жазбаша зерттеулерге ғылыми
талдау жасалынды. Қазақтың қыстаулары туралы негізгі мәліметтер
М. Красовский, М. Шорманов, В. Радлов, Н. Харузин, В. Шнэ,
Ф. Щербина және басқа да авторлардың еңбектерінде бар екені атап
өтіледі. Бұл тақырыпты дамытуға кеңестік және отандық ғалымдар:
этнологтар, археологтар – В. Востров, И. Захарова, С. Жолдасбаев,
С. Әжіғали, Ж. Артықбаев және т.б. өз үлесін қосқан. Дегенмен,
бұл зерттеу мәселесі этнология, этноархеология және археология
тоғысуында пәнаралық әдістерді пайдалана отырып, одан әрі жан-
жақты зерттеулерді қажет етеді.