Abstract
Ғылыми мақалада 2023 жылы Қызылорда облыстық тарихи-
өлкетану музейінің «Сыр бойындағы діни-ағартушылар мұрасын кешенді
зерттеу» жобасы аясында музей қызметкерлері тарапынан зерттеліп, алдағы
уақытта ғылыми айналымға енетін Ислам дінінің сопылық бағытындағы
өзіндік орны бар Тапал ахун (Нұрмұхаммед) Қадірұлы (1848-1921 жж.),
Марал ишан Құрманұлының тікелей ұрпағы Әмит (Абдулхамид) ишан
Әбдірахманұлы (1905-1961 жж.), ХІХ-ХХ ғғ. Қазақ даласында зор беделге ие
болған Қалжан ахун Бөлекбайұлының (1862-1916 жж.) пайдаланған араб,
парсы, шағатай тілдеріндегі кітаптарының жалпы мазмұны туралы деректер
қамтылған. Бұлар осы уақытқа дейін жеке адамдар мен музей қорында
сақталған Мұхаммед Мұхиуддин Аурангзеб Аламгирдің «Фатауа Аламгир»,
Масуд ибн Махмуд ибн Юсуф әс-Самарқандидің «Салоти Масуди», Сағди
Ширазидің «Гүлстан», Шейх Әли әл-Қаридің «Джам’аль-уасаиль фи шарх
аш-Шамаиль», Мұхаммед Мұрад Рамзидің «Талфик аль-Ахбар», Имам әл
Бәззазияның «Аль-Джами Уальджуз», Лутфулла ән-Насафи әл-Киданидің
«Хуласи аль-Кидани», Убайдулла әл-Махбубидің «Мұхтасар әл-уахая фи
масаил әл-хидая», Әл-Халабидің «Халабисағир», «Мултака ал-Абхур»,
Мұхаррам ибн Мұхаммед аз-Зайлидің «Хадиййат ас-салук фи шарх тухфат
аль-мулюк» атты еңбектері.
01 Introduction
The full text of the article is available for download in PDF format on the right panel.