Аңдатпа
Мақалада жарты ғасырдан астам уақыт археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 2021 жылы халық игілігіне ұсынылған «Шым қала» тарихи-мәдени кешені қарастырылады. Кешен жергілікті маңызы бар, тарих және мәдениет ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енген Қазақстан Республикасының нысаны. Аспан асты музейі ортағасырлық қала негізіндегі «Рабад», «Шахристан», «Цитадель» деп аталатын үш бөліктен тұрады. Цитадель – мемлекет басшыларының орны болса, Шахристан – бай манаптар мен ғалымдардың қонысы, ал Рабад – қарапайым халықтың мекені болған. Алайда ХХ ғасырға дейін қаланың негізгі құрылысы деп танылатын алғашқы екі қабаты ғана сақталған, ал Рабад бізге дейін толығымен күйреген. Бұл қамалды басып алған түркі халықтарының соғысымен тікелей байланысты. Сонымен қатар зерттеу жұмыстарының нәтижесінде қамал он төрт метр тереңдікке дейін қазылып, бірнеше мәдени қабаттар ашылған. Археологиялық зерттеу кезінде көптеген мәдени қабаттардың ашылуы сан қырлы тарихи кезеңдердің бай мұрасынан хабар береді. Атап айтсақ, Қарахан дәуірі, Тимуридтер кезеңі, Қоқан, Ресей мемлекеттері эрасындағы Шым қала тарихы тереңінен қозғалады.
Көне Шымкент қалашығының көлемі 4,5 гектар. Қазіргі мегаполистің оңтүстік бөлігінде қаланың жалпы деңгейінен биік орналасқан көне қаланың пайда болуы мен дамуын зерттеу үшін үздіксіз археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп келеді.
01 Кіріспе
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.