Аңдатпа
Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде Германиямен саяси байланыста болды деген жалған айыппен, 50-ден астам ұлт Орталық Азия территориясына: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан аумағына жер аударылып, Сталиндік тоталитарлық саяси жүйенің салдарынан мыңдаған адам жазаланған болатын. Қазақстан тәуелсіздігін алғанға дейін күштеп көшірілген халықтардың тарихы, олардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жабық тақырып болып келді. Тек, ХХ ғасырдың 90-шы жылдары КСРО ыдырап, республикалар егемендік алған кезеңнен бастап мәжбүрлі қоныс аудару құрбандары туралы тұңғыш рет ғылыми еңбектер жазылып, ғылыми конференцияда ашық талқыланып, құпия болған мұрағат құжаттары ашылып, тарихи тұрғыдан зерттеуге алына бастады. Осындай, күштеп қоныс аудару құрбанына айналған ұлттардың бірі – Қырым татарлары болатын. Ғылыми мақалада Қырым татарларының, оның ішінде болгарлардың, гректердің, армяндардың Қырым түбегінен күштеп қоныс аударту себептері мен салдары қарастырылған. Қоныс аударушылардың Қазақстан аумағына депортацияланғаннан кейінгі әлеуметтік және экономикалық жағдайы, Қазақстан қоғамына бейімделуі туралы тың мәліметтер берілген. Қырым халықтарының жер аударылғанға дейінгі ұлттық құрамы мен көшіп келушілердің нақты саны мұрағат құжаттары негізінде сараланған. Жер аударылған халықтардың соғыстан кейінгі республика экономикасын қалпына келтіруге қосқан үлесі мен күштеп жер аудару саясатының Қазақстанға тигізген зиянды жақтары да жан-жақты талданған. Қырым татарларына құқықтық қолдау көрсету және оларды қалпына келтіру бойынша қабылданған саяси шараларды сараптай келе, қазіргі заманғы мәдени орталықтары туралы толық ақпарат ұсынылған.
01 Кіріспе
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.