Аңдатпа
Ғылыми мақалада Орталық Азия түркілері пантеонында Бас Құдай немесе Тәңіріден кейінгі екінші қатардағы «Бап тәңірі» феноменіне ғылыми деректер негізінде талдау жасалған. «Бап тәңірі» түсінігі мыңдаған жылдар бұрын қалыптасып, исламның қазақ жерінде таралу ерекшеліктеріне байланысты біздің заманымызға дейін жалғасты. Бап ескерткіштері қазақ халқының және де өзге Орта Азия түркілерінің әдет-ғұрыпқа негізделген түсініктерін ғана ашып қоймайды, мұсылмандану процесін ашып бере алатын басты дерек көзі болып табылады. Осы негізде жазылған бұл ғылыми мақалада тарихнамадағы жұмбақ құбылыс «Бап Тәңірі» мәселесі ғылыми негізде зерттеуге алынған. Құрылымдық антропология әдістемесі негізінде және саха, қазақ, орыс деректеріне сүйене отырып кең көлемде зерттеу жасалған. Мақалада түркі тілдерінің негізінде жасалған сөздіктер басшылыққа алынып, Орталық Азия халықтарының этнографиялық материалдары мен әртүрлі этникалық орталардан жинақталған этнографиялық материалдарға салыстырмалы талдау жүргізген.
01 Кіріспе
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.