Аңдатпа
Мақалада Сыр өңірі жыршылық өнерінің оғыздық дәстүрінің көріністері талданады. Автор Оғыз кезеңіндегі тарихи деректер мен мәдени өзгерістерге шолу жасай отырып, аталмыш кезеңнің рухани мұрасының жалғастығын XIX ғасырдағы Сыр өңірі жыршы-жыраулық мектебінен іздейді. Тұтас алғанда көмеймен жыр айту дәстүрінің қайнар көзі ретінде X–XI ғасырлардағы Оғыз кезеңіндегі рухани құндылықтары қарастырылады. Мақаланың мақсаты, Сыр өңірі жыршы-жыраулық дәстүрінің бастауларын Оғыз кезеңімен сабақтастырып, оның таралу аймағының жалпы түркі халықтарының мәдениетінен іздеу, салыстырып талдау. Мақаланың осы мақсатына жету үшін автор Сыр өңірі жыршы-жыраулық дәстүріне және Оғыз дәуіріне жататын деректер мен материалдарға талдау жасап, түркі халықтарының ортақ материалдық емес мәдени мұрасы ретінде «Көроғлы» дастанын қарастырады. Нәтижесінде, XIX ғасырда дамып жетілген Сыр сүлейлерінің шығармаларындағы оғыздық дәстүрдің көріністері мен байланыстары анықталады. Сонымен қатар автор жыршылық өнердің оғыздық дәстүрінің үлгісі болып табылатын «Көроғлы» сияқты дастандардың сақталуының алғышарттарына тоқталып, оғыздық кезеңнің рухани мұрасына жататын көптеген шығармалардың бізге белгісіз тұстарының бар екеніне пайымдар жасайды. Қорытындылай келе, мақала Сыр өңірі жыршылық өнеріндегі оғыздық дәстүрдің көріністері анықталып, оның ғасырлар бойы қалыптасқан сабақтастығы түркі халықтарының ортақ рухани мұрасы ретінде байланыстырады.
01 Кіріспе
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.