Аңдатпа
Ежелгі адамдардың діни әдет-ғұрыптары, жерлеу рәсімдері мен мәдени ескерткіштері олардың өмір салтын, тұрмыс-тіршілігін, шаруашылығын және рухани мәдениетін зерттеуде құнды дереккөзі болып табылады. Археологиялық деректер палеолит дәуірінен бастап түрлі материалдардан жасалған тұмарлар, культтік нышандар мен ритуалдық заттарды қолданғанын дәлелдейді. Мәселен, морион, көгілдір тас (бирюза), агаттан жасалған аспалы әшекейлер (шева) секілді бұйымдардың кең таралғанын айғақтайтын жүздеген дерек бар. Сенім бойынша, адамның теріс ойлары оның жан дүниесінің «терезесі» саналатын көз арқылы сыртқа шығып, бұл құбылыс «көз тию» деп аталған. Теріс әсерді сейілтудің және өз-өзін қорғасаудың жалғыз жолы – оған тура қарсы тұру деп есептелген. Көзіне ұқсайтын кез келген нысанның адамды жаман ой мен көз тиюден қорғайды деген ұғым бүгінге дейін сақталып келе жатқан кең тараған наным.
Бұл мақала Губа аймағындағы Хыналығ ескерткішінен табылған археологиялық материалдарға арналды. Әсіресе «көзді моншақ» элементтері бар әшекейлер мен тұмарлар ерекше назар аудартады. Тас жәшіктер мен қорғандардан табылған жерлеу кешендерін талдау негізінде материалдық мәдениеттің, жерлеу рәсімдерінің және өңіраралық алмасудың ерекшеліктері қарастырылады. Табылған материалдар дамыған мәдени байланыстарды, сондай-ақ Кавказдың әртүрлі бөліктерін жалғаған тау асуы ретіндегі Хыналығтың стратегиялық маңызын көрсетеді. Жерлеу кешендері б.з. V–VIII ғасырларына жатады және жергілікті халықтың мәдени дәстүрлерінің тұрақтылығын, сондай-ақ кавказдық және дағыстандық мәдениеттердің ықпалын айқын бейнелейді.
01 Кіріспе
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.