Аңдатпа
Мақалада библиографиялық материалдарды талдау негізінде Қазақстанда ертекеңестік кезеңде жүзеге асырылған жергіліктендіру саясаты мәселелерінің тарихнамалық дискурсы сипатталған. Авторлар аталған саясатқа қатысты отандық, кеңестік және шетелдік зерттеушілердің ғылыми көзқарастары мен зерттеу тәсілдерін қарастырған. Кеңестік дәуірге тән идеологиялық тұрғыдан негізделген бағалаулардан бастап, тәуелсіздік жылдарында қалыптасқан неғұрлым сыни, жан-жақты қайта пайымдауға дейінгі интерпретациялардың өзгерістері сипатталған. Мақаланың мақсаты – ұлттық мүдделерді және қазіргі деколонизациялық ұстанымды ескере отырып, өткенді объективті түрде қайта құрастыруға бағытталған ғылыми тәсілдер мен құндылықтық бағдарлардың өзгерісін айқындайтын көзқарастар эволюциясын зерделеу. Мақаланың міндеттері: кеңестік, отандық және шетелдік ғылыми әдебиеттердегі саясаттың тарихнамалық дискурсының қалыптасу кезеңдерін талдау, Қазақстандағы жергіліктендіруді зерттеудің ғылыми тәсілдерін жүйелеу, ұлттық саясатты ғылыми тұрғыдан пайымдауға әдіснамалық және құндылықтық бағдарлардың, жалпы контекст өзгерісінің әсерін айқындау.
Жергіліктендіруді зерттеу кеңестік жүйе жағдайында ұлттық мемлекеттілікті қалыптастыру тәжірибесін, сондай-ақ көпұлтты мемлекеттегі этностардың өзара әрекеттесуін талдауға бағытталған. Бұл тарихтың «ақтаңдақ беттерін» ашуға, сондай-ақ полиэтникалық қоғамды біртұтас саяси ұлт ретінде қалыптастыру идеясы аясында саясаттың маңызы мен әлеуетін бағалауға мүмкіндік береді.
01 Кіріспе
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.