Аңдатпа
Кеңес Одағында музейлер тек заттарды сақтау үшін ғана емес, сонымен қатар тарихты қалыптастыруда шешуші рөл атқарып, көрнекі әлемді идеологиялық тұрғыдан түсіндірді. Бұл жүйеде кескіндеме социалистік еңбекті, прогресті және ұжымдық тепе-теңдікті бейнелеу құралы ретінде қызмет етті.
Мақалада Кеңес Одағы кезінде салынған картиналардың Қазақстан музейлерінде қалай қойылғаны зерттеліп, олардың мағынасын бірізді түсіндіру үшін кураторлық стратегиялар талданады. Зерттеу сыни музеология және визуалды мәдениет талдауларына сүйеніп, сталиндік «сөйлейтін музей» тұжырымдамасын дамытады.
Сапалық тарихи-интерпретациялық тәсілді қолдана отырып, мақала сол кезеңдегі кескіндеме туындыларына визуалды талдау жүргізеді және көрме мәтіндеріне, экспозиция жазбаларына, этикеткаларға, каталогтерге, сондай-ақ көрме ұйымдастыру тәсілдеріне дискурсивті және кеңістіктік талдау жасайды. Мысал ретінде Ә. Қастеевтің, М. Қисамединовтің және алпысыншы жылдар буынына жататын суретшілердің еңбектері қарастырылады.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, кескіндеме туындылары қатаң бақылауға алынған шеңберге енгізілмеген жағдайда, идеологиялық тұрғыдан қауіпті нысандар ретінде қабылданған.
Мақалада Қазақстандағы кеңестік кезеңдегі кескіндеме дербес эстетика тәжірибесі ретінде емес, социалистік музей ағарту жүйесінің шеңберінде реттелген визуалды тіл ретінде қызмет еткенін дәлелдейді. Музейдің визуалды мағынаны қалыптастырудағы рөлін айқындай отырып, мақала кеңестік музеология, социалистік визуал мәдениет және Орталық Азия өнері тарихы саласындағы зерттеулерге үлес қосады және экспозиция тәжірибесі социализмді көрнекі, түсінікті және идеологиялық тұрғыдан қауіпсіз етіп көрсеткенін дәлелдейді.
01 Кіріспе
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.