Аңдатпа
Аңдатпа. Мақала 1970 жылы Есік қорғанынан табылған сақ мәдениетінің бірегей археологиялық кешені – Алтын адамды музейлендіру, консервациялау және цифрлық репрезентациялау мәселелерінің теориялық және практикалық аспектілеріне арналған. Зерттеуде бұл ескерткіштің Қазақстанның ұлттық мәдени мұрасы жүйесіндегі орны, сондай-ақ тарихи жадыны, символдық саясатты және ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы рөлі қарастырылады.
Пәнаралық тәсіл негізінде Алтын адамды зерттеу мен музейлік экспозицияға енгізудің негізгі кезеңдері, сондай-ақ К. Ақышев, А. Ақышев, А. Танабаев және Қ. Алтынбеков жасаған реконструкциялар талданады. Ескерткіштің сыртқы келбетін қалпына келтірудің әдіснамалық мәселелеріне және қазіргі музейлік тәжірибе мен цифрлық гуманитаристика контексінде оның тарихи-мәдени мәртебесін интерпретациялау ерекшеліктеріне ерекше назар аударылады. Сонымен қатар визуалды реконструкциялардың ғылыми дәлдігі, оларды верификациялау өлшемдері және цифрлық технологиялардың археологиялық мұраны сақтау, тарату және дәріптеу үдерістеріне ықпалы зерттеледі.
Мақалада мәдени мұраны сақтаудың халықаралық стандарттарына негізделген Алтын адамды консервациялау, реконструкциялау және цифрлық репрезентациялаудың бірыңғай ғылыми қағидаттарын әзірлеу қажеттілігі негізделеді. Зерттеу нәтижесінде ескерткішті ғылыми тұрғыдан негізделген интерпретациялау моделін қалыптастыру жалған ғылыми реконструкциялардың алдын алудың, нысанның тарихи түпнұсқалылығын сақтаудың және оның ұлттық әрі халықаралық мәдени кеңістіктегі музейлік және қоғамдық коммуникация тиімділігін арттырудың маңызды шарты екендігі туралы қорытынды жасалады.
01 Кіріспе
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.