Журнал «Мәдени мұра» – рецензируемый научный журнал открытого доступа
  • Перейти в режим для слабовидящих
ISSN 2708-3365 (Print)
ISSN 3006-1377 (Online)

АҚМОЛА ЖЕРІНДЕГІ ҚУҒЫН-СҮРГІН ТАРИХЫНАН

Авторы

  • Ақтайлақ Б.Б.

Ключевые слова:

Ақмола, большевиктер, коммунисттер, террор, қызылдар мен ақтар, тәркілеу.

Аннотация

Мақалада Ақмола өңіріндегі Кеңес билігінің орнауы және олардың
қарсыластарымен жүргізген күресі қарастырылған. Тақырыптың хронологиясы
1917 жылдан 1930 жылға дейінгі мерзімді қамтиды. Ақмола жеріндегі қызылдар
мен ақтардың билік үшін таласы жергілікті халықтың берекетін алды. Қарсыластар
террорлық әдістерді мейлінше кеңінен қолданды. Халыққа өздерінің талаптары
мен қажеттіліктерін орындату үшін аяусыз жазалау саясаты қолданылып келді.
Большевиктер билікке келген соң да қуғын-сүргін саясаты тоқтамады. Ақ
гвардияшылардың бұрынғы жақтастарын анықтау және жазалау шаралары
жүргізіліп отырды. Енді большевиктер халық арасынан контр-революциялық
пиғылды анықтауға кірісті. Кеңестердің кез-келген шешімімен келіспеу «контр-
революцияшыл», «ескі тәртіпті аңсаушы» ретінде айыпталуға әкелді. Жергілікті
большевиктер тарапынан билікті асыра пайдалану жағдайы жиі орын алды.
Бұл халықтың лайықты наразылығын туғызды. Елде орын алған ұжымдастыру
мен ашаршылық көптеген адамдардың өмірін құрбан етті. Кеңес билігі осындай
дағдарыстық сәтте халыққа нақты көмек болатын шешімдерді ұсына алмады.

Загрузки

Опубликован

2023-11-10

Как цитировать

Ақтайлақ Б.Б. (2023). АҚМОЛА ЖЕРІНДЕГІ ҚУҒЫН-СҮРГІН ТАРИХЫНАН. «Мәдени мұра», 97(2), 84–91. извлечено от https://madenimura-journal.kz/index.php/main/article/view/240