ХІХ-ХХ ғғ. БАСЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ АҢШЫЛЫҚ
Ключевые слова:
этнос, ұлт, этнография, аңшылық, салт-дәстүр, баспана, киім, тағам.Аннотация
Аңшылық қазақтар үшін ертеден негізгі қосалқы кәсіптердің бірі
болды. Қоғамның дамуымен қатар аңшылықтың тәсілдері мен мақсаты да
өзгеріп, аңшылық өнердің түрлері дамыды, аңшылық көңіл көтерумен қатар,
шаруашылықтағы қосалқы кәсіптің біріне айналды. Кәсіби аңшылық аң-құстан
алынатын азық-түлікті (ет, май, жүн, тері, сүйек, мамық, қауырсын және т.б.)
пайдалану үшін қолданылды. Бір жағынан қауіпті, зиянды немесе саны шектен
тыс көбейіп кеткен аңдарды азайтып, табиғи тепе-теңдікті сақтау мақсатында
жүзеге асырылды. Халықтың көп бөлігі аңшылықпен сирек айналысты. Ауқатты
қазақтар аң аулауға көңіл көтеру үшін шықса, елдің кедейленген бөлігі үшін
аңшылық күнкөріс көзі болды. Сонымен қатар, аңшылық кәсіп ерекшеліктері
далалық табиғаттың ерекшелігімен де тығыз байланысты. Қазіргі Қазақстан
территориясының үлкен бөлігін алып жатқан далалы және орманды далалы
табиғи орта сан алуан және аңшылық кәсіпте ертеден қызығушылық тудырып
келе жатқан жабайы аң-құс, жануарларға толы. Әсіресе, бұл жағдай негізінен
еліміздің шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарына тән. Қазақ халқындағы
аңшылықтың дамуына оқ ататын қарудың келуі үлкен әсерін тигізіп, бағалы аң
терісі кәсібі дамыды.
Мақалада қазақ жерінде болған зерттеушілердің жазбалары, архив
материалдары және осы тақырып аясында зерттеулер жасап жүрген
ғалымдардың еңбектері талданады. Дәстүрлі қазақ қоғамында аң аулау кезіндегі
адамдар арасында қарым-қатынасты реттейтін аңшылық ережелері болды
және ол ережелер қатаң сақталды. Сондай-ақ, мақалада киелі аңдарға қатысты
қызықты мәліметтер мен аңшылыққа қатысты әдет-ғұрыптар да сараланған.
Қазақ халқында аңшылыққа байланысты әртүрлі әдет-ғұрыптар да кездеседі.
Бұндай аңшылыққа байланысты әдет-ғұрыптар аңшылықпен айналысатын басқа
да халықтарда кездесетіні айтылып, салыстырмалы талдау жасалған. Мақалада
дерек берушілердің де деректері келтіріліп, ғылыми әдебиеттермен қатар
сараланып, аңға құс салуда бүркіт, қаршыға, сұңқар сияқты құстарды қолданғаны
және аңды итпен аулау әдістері туралы да айтылады.
Скачивания
Загрузки
Опубликован
Deprecated: Function strftime() is deprecated in /home/webpr687/domains/madenimura-journal.kz/public_html/lib/pkp/lib/vendor/smarty/smarty/libs/plugins/modifier.date_format.php on line 81
2023-11-15
