ҚОЛА ДƏУІРІ МƏДЕНИЕТТЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЕСКЕРТКІШТЕРІ НЕГІЗІНДЕГІ БАЙЛАНЫСТАРЫ
Ключевые слова:
протоқалалар, өркениет, Қазақстан, синташта-петровка, Ежелгі Шығыс, қола дəуірі, үнді-арийлер, арбалар.Аннотация
Ежелгі Шығыс өркениетінің тарихында Қазақстанның қола дəуірінің
археологиясына тікелей қатысты сюжет бар. Бұл біздің заманымызға дейінгі
ІІ мыңжылдықтың басында Ежелгі Шығыс елдеріне шабуылдап, өзімен
бірге атқа табынушылықты, соғыс арбаларын, жетілдірілген қаруларды,
жаңа идеологияны əкелген арбашы-жауынгерлердің мобильді топтарымен
байланысты.
Бұл жаулап алу элитарлық көші-қон санатына жатады. Кейін олар жаңа
мемлекеттердің элитасын қалыптастырды, əскери аристократияны құрды,
Ежелгі Шығыс елдерінің сарай рельефтерінде кең таралған арбадағы жауынгер-
патшаның бейнесін қалыптастырды.
Соңғы жарты ғасырда Қазақстанның қола дəуірінің археологиясында
мəдени көрсеткіштері б.з.д. 2 мыңжылдықтың басында ерте егіншілік
өркениеттердің аумағына басып кіріп, билеушілердің жаңа əулеттерін құрған
тарихи тайпалардың сипаттамаларымен сəйкес келетін ескерткіштер ашылған.
Мақаланың мақсаты – арбашы-жауынгерлер құрылымдарының далалық
шығу тегін дəлелдеу үшін Орал-Қазақстан даласының қола дəуірінің мəдени
жетістіктеріне сипаттама беру жəне сол арқылы Қазақстан даласындағы ежелгі
тұрғындардың əлемдік тарихи процеске қосқан үлесін көрсету.