НАР ИДІРГЕН НАҚЫСТАР
Ключевые слова:
төйге, тээгэ-тээгэ, тойг-тойг, турей-турей, төл телу, магия, фольклор, музыка, ритуал, түркі-моңғол, қазақ, қырғыз, өзбек, тыва, моңғол, бурят, қалмақ.Аннотация
Төлді телу салты жыры – түркі-моңғол халықтарында ежелгі заманнан
бері таралған мал шаруашылығына қатысты фольклорлық-музыкалық ескі
мұра. Жетім қалған немесе анасы жеріген төлді магиялық сөз, музыкалық əуен,
ғұрыптық əрекет жасап, ұрғашы малдың аналық түйсігін оятып, аштыққа
ұшыратпау үшін жас төлді жағызып емізу малшы қауымның мал түлігінің
өсіп-өнуіне, сүт өнімін мол алуға қажетті салты болды.
Бұл зерттеуде алғаш рет қазақ, өзбек, моңғол, бурят, қалмақ, қырғыз,
телеңгіт, алтай, торғауыт, тыва халықтарынан жинақталған материалдар өзара
салыстырылып, типологиялық тұрғыдан зерттелді. Нəтижесінде түркі-моңғол
халықтары салттық музыка мен поэзияның құдыреті арқылы саналы адам
баласы тұрмақ, тілсіз хайуан малдың да жүрегін елжірететін қасиетті өнерді
меңгеріп, өз əмірін айналасына рухани тəсілдермен жүргізе білген деген
қорытынды жасалды.