АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМ САЛАЛАРЫ
Ключевые слова:
қазақ, Абай Құнанбайұлы, Қара сөздер, өлең, білім, ғылым, сөз мағынасы.Аннотация
Мақалада қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының шығармаларындағы
ғылым-білімнің салалары жəне оның қандай нəтиже беретіндігі жайында
қарастырылып, ойшыл-ақынның ғылым мен білімді жеріне жеткізіп айтқаны,
өзі ғылым мен білімді өте жақсы білген жəне түсінгендігі айқындалған. Абай
Құнанбайұлының шығармалары бойынша ғылымның салалары Аллатану,
Адамтану, Дүниетану деп аталатын үш топқа бөлінген. Онда Алдымен Аллаға
иман келтіру арқылы, біз рухани дəулет жинаймыз, одан кейін өзімізді
тану жолында Аллаға ұқсас боламын деп, талпынып, «Толық адам» ілімін
меңгеруіміз керек, соңында, өзімізді қоршаған ортаны тану арқылы Алланың
жаратқан ғаламын зерттеуіміз керек екендігі зерделенген. Абай Құнанбайұлы
шығармаларында келтірілген ғылым мен білімге қатысты тұжырымдардың
қазіргі таңда да күн тəртібінен түспеген өзекті мəселелер екені қазіргі
жағдаймен салыстырыла көрсетіледі. Сонымен, мақалада ұлт болмысы, бітімі,
тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс
тапқан Абай Құнанбайұлының еңбектерінде ғылым мен білім мəселесінің алар
орны ерекше екендігі анықталған.