Аннотация
Ғылыми мақалада 2024 – 2025 жылдары Қызылорда облысы Арал және Қазалы аудандары аумағы Солтүстік – Шығыс Арал маңы археологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері қорытындылары ұсынылған. Соның ішіндегі аймақтағы тас ғасыры дәуірі ескерткіштерінің зерттелу тарихы қатысты құнды деректер және зерттелу тарихы кезеңдері қарастырылып берілген. Зерттелу
барысында қандай жаңадан анықталған ескерткіштерден алынған көрші мәдениеттермен байланысы мерзімделуі қарастырылған. Археологиялық барлау жұмыстары барысында ашылған ескерткіштердің картаға түсірлуі, беткі қабатынан жиналып алынған материалдар, тас құралдар, қыш ыдыстар кешені бізге палеолит, неолит, энеолит, қола және ерте темір ғасырына дейін Арал маңының ежелгі тарихын қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Зерттеу тобы мүшелері Қызылорда облысына тарихына қатысты архив, музейлік қоры және жеке коллецияларда жиналған материалдар зерделенді. Археологиялық барлау жұмыстары барысында бұрын ашылған ескерткіштерге мониторинг және жаңадан ашылған ескерткіштерді тіркеп, тарихи-мәдени мұралар тізіміне алынды. Қазіргі таңда археологиялық мониторинг археологиялық
ескерткіштерді сақтауды қамтамасыз ететін шаралар жүйесінің ең маңызды жұмыстардың бірі болып табылады. Арал маңында бақылау, тіркеуге алу кезінде жаңадан ашылған объектілердің өзгерістер, олардың жай-күйі, мысалы, табиғи немесе техногендік себептер бойынша зақымдану немесе жойылудың басталуы қадағаланады.
01 Введение
Полный текст статьи доступен для скачивания в формате PDF на панели справа.