Меню
Статьи

КӨШПЕЛІ ХАЛЫҚТАРДАҒЫ ЖОҒАРЫ ӘЛЕУМЕТТІК ДӘРЕЖЕ БЕЛГІСІ – ЖЫҒА ТАҒУ ДӘСТҮРІ

Калиолла Ахметжан

Стр. 7-26

Аннотация

Мақалада көшпелі түркі-монғол халықтарында қолданылған жоғарғы билік дәрежесінің рәміздік белгісі – құс қауырсындарынан жасалған, «жыға» деп аталатын бас киім әшекейінің қолдану дәстүрінің тарихы, ерекшеліктері зерттеледі. Аталмыш тақырып отандық тарихнамада осы уақытқа дейін арнаулы ғылыми зерттеудің нысаны болған жоқ. Бұл –мақаланың тақырыбының өзектілігін анықтайды. Сондықтан мақаламыздың мақсаты көшпелі халықтардың билік атрибуттары жүйесінің бір элементі – жоғарғы биліктің рәміздік белгісі «жығаның» қолдану тарихын жан-жақты зерттеу. Осы мақсатқа сәйкес зерттеу нысаны – жығаның пішінін, ерекшелігін, функциясын, қолдану аясын және таралу аймақтарын анықтау. Зерттеудің деректік негізі жазба және ауызша деректер, музейлік ескерткіштер, бейнелік (иконографиялық) материалдар.

Зерттеу нәтижелері үстем тап өкілдерінің бас киіміне айналдыра қауырсындар тағу дәстүрі көшпелі халықтарда біздің заманымызға дейінгі I мыңжылдықтың ортасында пайда болғанын көрсетеді. Бұл дәстүр орта ғасырларда түркілерде де сақталып, ХIII-ХIV ғасырларда монғолдарда да жалғасып, монғол империясында хандардың, тархандардың дәреже белгісі ретінде қолданылады. Шамамен ХIV ғасырда бұл жоғары дәреже белгісінің өзгерген түрі – бас киімнің төбесіне не маңдайына шаншылатын бір-екі-үш қауырсыннан тұратын «жыға» пайда болды. ХV-ХVII ғасырларда биік әлеуметтік дәреже белгісі ретінде жыға тағу салты көшпелі түркі-монғол халықтары құрған мемлекеттердің бәрінде қолданыста болған. Хандық, сұлтандық дәреже белгісі ретінде жыға тағу дәстүрі Қазақ хандығында да жалғасып, қазақтарда ХVІІІ ғасырдың аяғына дейін сақталып келді. Кейін қазақтарда хандық биліктің және кәсіби әскерилер болған батырлар әлеуметтік жігінің жойылуымен бұл дәстүр де жоғалып, «жыға» сөзінің мағынасы бүгінде ұмыт болды. Бұл зерттеу көшпелі халықтардың дәстүрлі әскери және билік символикасын зерттеушілерге түркі-монғол халықтарының билік рәміздерінің ерекшелігін, қолдану дәстүрін түсінуге пайдалы болады.

Джикка, жыға, сұлтан, эгрет, әлеуметтік дәреже белгісі, хандық билік рәмізі

01 Введение

Полный текст статьи доступен для скачивания в формате PDF на панели справа.

Ссылки для цитирования

[1]2025. КӨШПЕЛІ ХАЛЫҚТАРДАҒЫ ЖОҒАРЫ ӘЛЕУМЕТТІК ДӘРЕЖЕ БЕЛГІСІ – ЖЫҒА ТАҒУ ДӘСТҮРІ. «Мәдени мұра». 111, 4 (Dec. 2025), 7–26.
(1)КӨШПЕЛІ ХАЛЫҚТАРДАҒЫ ЖОҒАРЫ ӘЛЕУМЕТТІК ДӘРЕЖЕ БЕЛГІСІ – ЖЫҒА ТАҒУ ДӘСТҮРІ. main 2025, 111 (4), 7-26.
КӨШПЕЛІ ХАЛЫҚТАРДАҒЫ ЖОҒАРЫ ӘЛЕУМЕТТІК ДӘРЕЖЕ БЕЛГІСІ – ЖЫҒА ТАҒУ ДӘСТҮРІ. (2025). «Мәдени мұра», 111(4), 7-26. https://madenimura-journal.kz/index.php/main/article/view/528
КӨШПЕЛІ ХАЛЫҚТАРДАҒЫ ЖОҒАРЫ ӘЛЕУМЕТТІК ДӘРЕЖЕ БЕЛГІСІ – ЖЫҒА ТАҒУ ДӘСТҮРІ. «Мәдени мұра», [S. l.], v. 111, n. 4, p. 7–26, 2025. Disponível em: https://madenimura-journal.kz/index.php/main/article/view/528. Acesso em: 11 oct. 2026.
“КӨШПЕЛІ ХАЛЫҚТАРДАҒЫ ЖОҒАРЫ ӘЛЕУМЕТТІК ДӘРЕЖЕ БЕЛГІСІ – ЖЫҒА ТАҒУ ДӘСТҮРІ”. 2025. «Мәдени мұра» 111 (4): 7-26. https://madenimura-journal.kz/index.php/main/article/view/528.
“КӨШПЕЛІ ХАЛЫҚТАРДАҒЫ ЖОҒАРЫ ӘЛЕУМЕТТІК ДӘРЕЖЕ БЕЛГІСІ – ЖЫҒА ТАҒУ ДӘСТҮРІ” (2025) «Мәдени мұра», 111(4), pp. 7–26. Available at: https://madenimura-journal.kz/index.php/main/article/view/528 (Accessed: 11 October 2026).
[1]“КӨШПЕЛІ ХАЛЫҚТАРДАҒЫ ЖОҒАРЫ ӘЛЕУМЕТТІК ДӘРЕЖЕ БЕЛГІСІ – ЖЫҒА ТАҒУ ДӘСТҮРІ”, main, vol. 111, no. 4, pp. 7–26, Dec. 2025, Accessed: Oct. 11, 2026. [Online]. Available: https://madenimura-journal.kz/index.php/main/article/view/528
“КӨШПЕЛІ ХАЛЫҚТАРДАҒЫ ЖОҒАРЫ ӘЛЕУМЕТТІК ДӘРЕЖЕ БЕЛГІСІ – ЖЫҒА ТАҒУ ДӘСТҮРІ”. «Мәдени мұра», vol. 111, no. 4, Dec. 2025, pp. 7-26, https://madenimura-journal.kz/index.php/main/article/view/528.
“КӨШПЕЛІ ХАЛЫҚТАРДАҒЫ ЖОҒАРЫ ӘЛЕУМЕТТІК ДӘРЕЖЕ БЕЛГІСІ – ЖЫҒА ТАҒУ ДӘСТҮРІ”. «Мәдени мұра» 111, no. 4 (December 19, 2025): 7–26. Accessed October 11, 2026. https://madenimura-journal.kz/index.php/main/article/view/528.
1.КӨШПЕЛІ ХАЛЫҚТАРДАҒЫ ЖОҒАРЫ ӘЛЕУМЕТТІК ДӘРЕЖЕ БЕЛГІСІ – ЖЫҒА ТАҒУ ДӘСТҮРІ. main [Internet]. 2025 Dec. 19 [cited 2026 Oct. 11];111(4):7-26. Available from: https://madenimura-journal.kz/index.php/main/article/view/528
1.КӨШПЕЛІ ХАЛЫҚТАРДАҒЫ ЖОҒАРЫ ӘЛЕУМЕТТІК ДӘРЕЖЕ БЕЛГІСІ – ЖЫҒА ТАҒУ ДӘСТҮРІ. main. 2025;111(4):7-26. Accessed October 11, 2026. https://madenimura-journal.kz/index.php/main/article/view/528