Аңдатпа
Ғылыми мақалада Қарабақ хандығындағы жылқы
шаруашылығының қалыптасу тарихы мен ХІХ-ХХ ғасырлардың басындағы дамуы қарастырылады. Қарабақтан табылған археологиялық қазба қалдықтарына сүйене отырып, сүйектердің жылқыға тиесілі екендігі және жылқы шаруашылығымен айналысатын зауыттардың қызметі мен қарабақ жылқысының тұқымдарын өсіру туралы баяндалады. Мақалада жылқыларды емдеудің эмпирикалық әдістері мен жылқы ауруларының түрлері, кейінгі кезеңде жылқы шаруашылығын дамыту үшін үкімет қабылдаған негізгі шаралар туралы мәлімет ұсынылған.
Қарабақтерриториясыежелденеңкөнемәдениеттердіңнегізгіорталығы және отандық жылқы шаруашылығы бастау алған алғашқы өлкелердің бірі ретінде қарастырылады. Қарабақ жылқысы - Әзірбайжанның ежелгі таза, әрі жергілікті жылқы тұқымы болып саналады. Ежелгі дәуірде араб жылқысы туралы мәлімет болмаған кезде Әзірбайжан жылқылары, оның ішінде Қарабақ жылқылары үлкен даңқ пен танымалдылыққа ие болып, көптеген шығыс елдеріне тасымалданған болатын. Дүние жүзіне белгілі 260 жылқы тұқымының ішінде Қарабақ жылқылары суыққа да, ыстыққа да тез бейімделуімен, сондай-ақ жылдам жүгіруімен үздік жылқылар деп танылған болатын. Қарабақ аттары: басы кішкентай, кеудесі кең және бұлшықеттері жақсы дамыған, бойы мен мойынының ұзын болуымен ерекшеленеді. Тұяқтары мықты, әрі таулы және аңғарлы жерлерде жеңіл қозғалады, ауыр жүк көтерсе де жылдамдықты қалпына келтіру қабілеті жоғары. Қарабақ жылқылары мінезі байсалды және сазды топырақта жүргенде тұяғы құрғақ болып қалуы оның негізгі ерекшелігі болып табылады.
01 Кіріспе
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.