Мәзір
Статьи

ҮЙІРМЕ МУЗЕЙДІҢ МӘДЕНИ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮРІ РЕТІНДЕ

Гульмира Атабаева

Бет. 57-70

Аңдатпа

Бұл мақалада музей педагогикасының қалыптасуының алғышарттары, оның анықтамасы мен түрлері сараланады. Сонымен қатар, музей педагогикасының теориясы мен практикасы негізінде «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы үйірмелерінің теориялық-әдіснамалық негіздері мен тәжірибелік аспектілері талданады. Қазіргі уақытта музейдегі мәдени-ағартушылық және білім беру бағытындағы шаралардың қатысушыларын тұрақтандыру мәселесі де өзекті болып табылады. Осы тұрғыда, мақалада музейдің тұрақты аудиториясын қалыптастыру мәселесі қарастырылады. Музей педагогикасы ғылыми пән ретінде музейдің оқыту қызметінің ерекшеліктерін, әртүрлі әлеуметтік санаттағы келушілермен жұмыс жасау әдістерін, музейдің білім беру мекемелерімен өзара әрекеттесуін зерттейді. Мұнда аудиторияның жас ерекшелігі, қызығушылықтары, әлеуметтік және материалдық жағдайына қарай оқыту үдерісінде дәстүрлі және дәстүрлі «емес» форматтар қолданылады. Дәстүрлі формат түрлері: экскурсия, музейлік сабақ, семинар, кездесу, үйірме, клуб. Дәстүрлі «емес» формат түрлері: олимпиадалар, байқаулар, дебаттар, театрландырылған көріністер, әртүрлі мазмұндағы жекеленген мерекелік іс-шаралар. Музей заттарының сан алуандылығы, көркемдігі мен шынайылығы мұндағы білім беру мазмұнын басқа мекемелердегі қосымша білім беру мазмұнынан ерекшелеп тұрады. Сондай-ақ, музейдегі оқытуда еркін және бейресми форматта өтіп, қатысушылардың қызығушылығына басымдылық беріледі. Мақаланы жазу барысында шетелдік зерттеушілердің музейтану бағытындағы жарияланымдары қолданылды. Зерттеуде музей-қорық үйірмелерін мақсат-міндеттерін жүзеге асыру барысында жинақталған тәжірибені сипаттау үшін баяндау және талдау әдістері пайдаланылған. Бұл әдістер үйірмелердің жұмысының мазмұнын ашуға, тақырыптық бағытын сипаттауға, жетекшілері мен қатысушылар құрамын айқындауға мүмкіндік берді.

музей педагогикасы, үйірме, тарих, музейдегі оқыту, тарихи-мәдени мұра, жәдігер

01 Кіріспе

Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.

Дәйексөз келтіру сілтемелері

[1]2025. ҮЙІРМЕ МУЗЕЙДІҢ МӘДЕНИ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮРІ РЕТІНДЕ. «Мәдени мұра». 110, 3 (Sep. 2025), 57–70.
(1)ҮЙІРМЕ МУЗЕЙДІҢ МӘДЕНИ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮРІ РЕТІНДЕ. main 2025, 110 (3), 57-70.
ҮЙІРМЕ МУЗЕЙДІҢ МӘДЕНИ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮРІ РЕТІНДЕ. (2025). «Мәдени мұра», 110(3), 57-70. https://madenimura-journal.kz/index.php/main/article/view/515
ҮЙІРМЕ МУЗЕЙДІҢ МӘДЕНИ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮРІ РЕТІНДЕ. «Мәдени мұра», [S. l.], v. 110, n. 3, p. 57–70, 2025. Disponível em: https://madenimura-journal.kz/index.php/main/article/view/515. Acesso em: 18 nov. 2026.
“ҮЙІРМЕ МУЗЕЙДІҢ МӘДЕНИ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮРІ РЕТІНДЕ”. 2025. «Мәдени мұра» 110 (3): 57-70. https://madenimura-journal.kz/index.php/main/article/view/515.
“ҮЙІРМЕ МУЗЕЙДІҢ МӘДЕНИ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮРІ РЕТІНДЕ” (2025) «Мәдени мұра», 110(3), pp. 57–70. Available at: https://madenimura-journal.kz/index.php/main/article/view/515 (Accessed: 18 November 2026).
[1]“ҮЙІРМЕ МУЗЕЙДІҢ МӘДЕНИ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮРІ РЕТІНДЕ”, main, vol. 110, no. 3, pp. 57–70, Sep. 2025, Accessed: Nov. 18, 2026. [Online]. Available: https://madenimura-journal.kz/index.php/main/article/view/515
“ҮЙІРМЕ МУЗЕЙДІҢ МӘДЕНИ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮРІ РЕТІНДЕ”. «Мәдени мұра», vol. 110, no. 3, Sept. 2025, pp. 57-70, https://madenimura-journal.kz/index.php/main/article/view/515.
“ҮЙІРМЕ МУЗЕЙДІҢ МӘДЕНИ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮРІ РЕТІНДЕ”. «Мәдени мұра» 110, no. 3 (September 29, 2025): 57–70. Accessed November 18, 2026. https://madenimura-journal.kz/index.php/main/article/view/515.
1.ҮЙІРМЕ МУЗЕЙДІҢ МӘДЕНИ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮРІ РЕТІНДЕ. main [Internet]. 2025 Sep. 29 [cited 2026 Nov. 18];110(3):57-70. Available from: https://madenimura-journal.kz/index.php/main/article/view/515
1.ҮЙІРМЕ МУЗЕЙДІҢ МӘДЕНИ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮРІ РЕТІНДЕ. main. 2025;110(3):57-70. Accessed November 18, 2026. https://madenimura-journal.kz/index.php/main/article/view/515