Аңдатпа
Мақалада Қазақстанның облыстық қоғамдық-саяси газеті «Акмолинская правда» 2013-2024 жылдар аралығындағы жарияланымдарына кешенді талдау жасау арқылы көрнекті қазақстандық археолог Виктор Федорович Зайберттің өмір жолы, ғылыми, педагогикалық және қоғамдық қызметі қайта жаңғыртылады. Зерттеудің негізгі мәселесі – оның көпқырлы қызметін саралау қажеттілігі. Автор зерттеу барысында мақалаларды жан-жақты талдап, материал ретінде ғалыммен жүргізілген сұхбаттар, қазбалардан репортаждар, әріптестердің аналитикалық шолулары және ресми хабарламалар қолданылды. Жарияланымдар жиынтығын талдау «Акмолинская правда» газеті В.Ф. Зайберт бейнесін қалыптастыру барысында басты тақырыптарды жүйелі түрде айқындауға мүмкіндік берді. Соның ішінде басты тақырыптардың бірі – энеолит дәуіріндегі Ботай археологиялық мәдениеті ескерткіштерінің ашылуы мен жан-жақты зерттелуі. Газет бұл жаңалықтың төңкерістік маңызын бірізді түрде ашып көрсетеді, өйткені ол археологиялық картаға жаңа ескерткішті қосып қана қоймай, даланың ежелгі тарихы туралы ғылыми түсініктерді түбегейлі өзгертті. Тағы бір маңызды тақырып – оның ғылыми жаңалықтарының мемлекеттік бағдарламаларға интеграциялануы. Ғалымның идеялары «Рухани жаңғыру» және «Қасиетті география» бағдарламаларын нақты тарихи мазмұнмен, терең хронологиялық перспективамен және материалдық негізбен қамтамасыз етті. Жүргізілген зерттеу көрсеткендей, Виктор Федорович – терең ойлы археолог, оның өткенге қатысты идеялары тікелей еліміздің қазіргі және болашақ өмірімен байланысты болды.
01 Кіріспе
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.