Аңдатпа
Жарияланым 1985 жылы Донецк мемлекеттік университетінің археологиялық экспедициясы Краматорск қаласына (Донецкий обл.) жақын орналасқан қорғандарды қазу барысында Солтүстік Донец (Донбасс) өзені маңындағы зерттелген көне шұңқыр мәдениетіне тән негізгі балалар жерлеуінен табылған балға тәрізді түйреуіш фрагментін зерделеуге арналған. Түйреуіштің жасалу және қолданылу іздері екі бөлікке бөлінеді: бастапқы түйреуіш, одан өрнек элементтері бар жоғарғы бөлігі сақталған, ал екінші бөлігі өзгертіліп, сынғаннан кейін тұмар ретінде пайдаланылған. Трасологиялық әдісті қолдана отырып, авторлар өрнек түсіру тәсілдерін талқылайды, олардың екі түрі болуы мүмкін: 1) өзекке қос зигзаг, қос сызықтар немесе үшбұрыштар түсіріп, кейін оларды штрихтау; 2) алдымен көлденең штрихтау жүргізіп, кейін оны ұзын сызықтармен толықтыру. Краматорск түйреуішінде өрнектеудің бірінші тәсілі қолданылған. Авторлар түйреуіш сынығын қайта өңдеп, оны ұзақ уақыт бойы басқа бұйым – тұмар ретінде пайдаланғаны туралы деректі талқылауға ұсынады; сақталған іздерге қарағанда, ол белгілі бір уақыттан кейін қайта өзгертілген. Түйреуіштің сынуы мен оның тұмарға айналуы арасында, сондай-ақ тұмардың кейінгі өзгерістері арасында айтарлықтай уақыт өткен. Авторлар бірнеше рет өзгеріске ұшыраған бұйымның ұзақ уақыт бойы кемінде екі иеге тиесілі болып, пайдаланылғанын дәлелдейді.
01 Кіріспе
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.