Мәзір
Статьи

XIV ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫ – XV ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ОТЫРАР МЕШІТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қожа Мұхтар , Сиздиков Багдаулет , Әли Әлібекұлы

Бет. 45-57

Аңдатпа

Мақалада Қазақ КСР Ғылым академиясының Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясының 1981-1987 жылдары Отырартөбе қалашығының шахристан бөлігінде орналасқан XIV ғасырдың аяғы мен XV ғасырдың басына жататын мешіт орнында жүргізген қазба жұмыстарының материалдары талданады. Зерттеу барысында Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының (Алматы) архивіндегі осы күнге дейін жарияланбаған деректер мен Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің (Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауыл.) қорында сақталған сәулеттік қаптамалар ғылыми айналымға енгізілді.

Алғаш рет мешіттің архитектуралық декорларына сипаттама беріліп, қаптама фрагменттерінің сызбалары мен фотосуреттері жарияланып отыр. Мұрағат материалдарын зерделеу барысында алтын жалатылған майолика сынықтары мен араб жазуы бар плитканың фотосуреті анықталды. Бұл деректер Отырар мешітін өз заманының ең таңдаулы ғимараттарының бірі ретінде тануға мүмкіндік береді. Мақаланың негізгі жаңалығы – Отырар мешітінің майолика плиткасындағы тауыс бейнесінің алғаш рет жарияланып, талдануы. Бұл – Қазақстан мен Орталық Азиядағы ортағасырлық ислам сәулет өнері үшін бірегей құбылыс. Әшекейлер арасында кашин плиткаларының кездеспеуі құрылысқа жергілікті шеберлердің тартылғанын көрсетеді. Болжам бойынша, мешітті Отырардың қыпшақ билеушісі, атақты әскери қолбасшы Темір-Бердібек салдырған.

Зерттеу барысында мешіт михрабының құбыладан 206о ± 2-қа ауытқығаны анықталды. Михраб бағытының дәл келмеуі және мұсылмандық ғибадатханаларға тән емес зооморфтық (жануар текті) бейнелердің қолданылуы ғимараттың мешіт ретінде пайдаланылуын тоқтатуға себеп болуы мүмкін. Осыған байланысты, XVI ғасырдың басында ғимарат тұрғын жай ретінде қайта жабдықталғандығы анықталды.

ортағасырлық археология сәулет Ислам Отырар Қазақстан Орта Азия мешіт қаптама тауыс Тимур Бердібек құбыла

01 Кіріспе

Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.

Дәйексөз келтіру сілтемелері

[1]2026. XIV ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫ – XV ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ОТЫРАР МЕШІТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. «Мәдени мұра». 112, 1 (Mar. 2026), 45–57.
(1)XIV ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫ – XV ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ОТЫРАР МЕШІТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. main 2026, 112 (1), 45-57.
XIV ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫ – XV ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ОТЫРАР МЕШІТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. (2026). «Мәдени мұра», 112(1), 45-57. https://madenimura-journal.kz/index.php/main/article/view/559
XIV ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫ – XV ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ОТЫРАР МЕШІТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. «Мәдени мұра», [S. l.], v. 112, n. 1, p. 45–57, 2026. Disponível em: https://madenimura-journal.kz/index.php/main/article/view/559. Acesso em: 19 nov. 2026.
“XIV ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫ – XV ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ОТЫРАР МЕШІТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ”. 2026. «Мәдени мұра» 112 (1): 45-57. https://madenimura-journal.kz/index.php/main/article/view/559.
“XIV ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫ – XV ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ОТЫРАР МЕШІТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ” (2026) «Мәдени мұра», 112(1), pp. 45–57. Available at: https://madenimura-journal.kz/index.php/main/article/view/559 (Accessed: 19 November 2026).
[1]“XIV ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫ – XV ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ОТЫРАР МЕШІТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ”, main, vol. 112, no. 1, pp. 45–57, Mar. 2026, Accessed: Nov. 19, 2026. [Online]. Available: https://madenimura-journal.kz/index.php/main/article/view/559
“XIV ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫ – XV ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ОТЫРАР МЕШІТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ”. «Мәдени мұра», vol. 112, no. 1, Mar. 2026, pp. 45-57, https://madenimura-journal.kz/index.php/main/article/view/559.
“XIV ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫ – XV ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ОТЫРАР МЕШІТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ”. «Мәдени мұра» 112, no. 1 (March 31, 2026): 45–57. Accessed November 19, 2026. https://madenimura-journal.kz/index.php/main/article/view/559.
1.XIV ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫ – XV ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ОТЫРАР МЕШІТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. main [Internet]. 2026 Mar. 31 [cited 2026 Nov. 19];112(1):45-57. Available from: https://madenimura-journal.kz/index.php/main/article/view/559
1.XIV ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫ – XV ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ОТЫРАР МЕШІТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. main. 2026;112(1):45-57. Accessed November 19, 2026. https://madenimura-journal.kz/index.php/main/article/view/559