Аңдатпа
Мақалада Шығыс Қазақстандағы Ақжайлау ауылы маңындағы сақ элитасының қорғанынан алынған жаңа материалдар сипатталған. Ескерткіштің беткі құрылымы арнайы алаңқайда тұрғызылған, пішіні дөңгеленген және терең арықпен тұйықталған, белгілі бір ретпен кезектесіп келетін саз, шым тақтайшалар, лай кесектері, қиыршық тас және басқа да материалдардан соғылған, оның бәрі тас қабықшалармен жабылған. Қабір шұңқырының үстіне тікбұрышты негізде трапеция тәрізді тастан жасалған құрылым тұрғызылған, оған шығыс жағынан көлденең төселген дромос (дромос – қорған астындағы сағана, лақатқа апаратын жабық дәліз, жартасты немесе топырақты үңгіп тесілген көрге кіретін қылет) қосылады. Дромос пен қабір құрылымының түйіскен тұсына жақын жерден ат әбзелдері мен олардың алтын әшекейлерінен тұратын жасырылған екі қазына табылды.
01 Кіріспе
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.