Журналдың атауы: «Мәдени мұра»
Журналдың мақсаты: іргелі және қолданбалы зерттеулердің нәтижелерін жариялау және талқылау, сондай-ақ өзекті ғылыми қызметтің нәтижелерін пайдалану тәжірибесін жинақтау арқылы ең маңызды әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулерді жариялау.
Журналдың міндеттері:
- әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулердің әдіснамалық тұжырымдамаларының платформасы ретінде қызмет ету;
- ғылыми зерттеулер нәтижелерін танымал ету және ілгерілету;
- авторлардың ғылыми идеялары мен жаңалықтарын талқылау үшін пікірталас алаңын құру;
- журнал мақалаларына ашық қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, жарияланымдар үшін электрондық платформа ретінде қызмет ету.
Журналдың миссиясы: тарих, этнология, археология, музейі ісі салаларындағы ең жаңа зерттеулердің нәтижелерін ұсыну және тарату, әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер саласындағы өзекті мәселелер бойынша кеңінен пікір алмасуды қамтамасыз ету үшін пікірталас алаңына шығару, қазақстандық гуманитарлық ғылымды интеграциялау үшін шетелдік авторларды тарту және ғылыми қоғамдастықтың өзекті мәселелері мен сауалдарын анықтауға бағытталған ақпараттық әлеуметтік-гуманитарлық кеңістік құру.
Тілдер: қазақ, орыс және ағылшын.
Шығу жиілігі: жылына 4 рет, тоқсанына 1 рет.
Меншік иесі және құрылтайшысы: «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РМҚК
Негізгі бағыттары:
тарих;
этнология;
археология;
музей ісі.
Мақалаларға қойылатын талаптар:
1) бірегейлік – зерттеу саласындағы, қолданылатын әдіснамалардағы және алынған нәтижелердегі инновациялық жаңашылдық;
2) ғылыми әдіснама – шешімдердің объективтілігі мен шынайылығы;
3) материалдарды сапалы баяндау және құрылымдау, ойды нақты әрі айқын жеткізу, ұстанымды білдіру және міндеттерді шешу;
4) зерттеудің негізгі нәтижелерін көрсету;
5) жұмыстың нәтижелері мен оның өзектілігін бағалауда халықаралық/жаһандық ұстанымды ескеру;
6) журналдың тақырыбы мен рәсімделу талаптарына сәйкестігі.
Мақала мәтіні мұқият оқылғаннан кейін автор(лар)дың қолдары қойылады, олар зерттеудің түпнұсқалылығын, жарияланып жатқан материалдардың ғылыми-теориялық деңгейі үшін жауаптылығын растайды.
Ғылыми мақаланың мазмұны бұрын жарияланбаған және жаңалығы бар авторлық әзірлемелерді, қорытындылар мен ұсыныстарды қамтуы немесе жалпы тақырып бойынша бұрын жарияланған ғылыми мақалаларға шолу (жүйелі шолу) болуы тиіс. Сондай-ақ, мақала журналдың мәлімделген мақсаттары мен тақырыптарына сәйкес келуі және өз зерттеулерінің немесе эксперименттік/талдамалық әрекеттерінің нәтижелерін қамтуы тиіс
Редакциялық алқа және редакция қажетті түзетулер мен қысқартулар енгізуге құқылы. Автордың мақаланы журналға жіберуі Ұлттық музей журналына жариялау құқығын және оны кез келген шет тілінде қайта басып шығаруға құқық беруді білдіреді. Автордың бұл мақаланы басқа басылымдарда жариялауға құқығы жоқ.
Архивтеу
Журналдың электрондық архиві (мақалалардың баспа нұсқасы PDF форматында) журналдың ресми сайтында ашық қолжетімділікте орналастырылады.
Журналдың таралымын Құрылтайшы айқындайды, журналдың міндетті ақысыз даналары немесе оның электрондық-сандық нұсқасын Ұлттық музей Қазақстан Республикасының ұлттық кітапханаларына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кітап палатасына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзіретті органға, сонымен қатар қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, казақстандық және шетелдік білім беру ұйымдарына, журналдың Редакциялық алқа мүшелері мен Ұлттық музей серіктестеріне жібереді.
Жасанды интеллект құралдарын қолдану қағидалары
Осы қағидалар Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 17 қарашадағы № 230-VIII ҚРЗ «Жасанды интеллект туралы» Заңының 21-бабында көзделген жасанды интеллект жүйелерін пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз ету талаптарына сәйкес әзірленеді және ғылыми жарияланымдардағы адалдық, айқындық және жауапкершілік қағидаттарын регламенттейді.
Жасанды интеллект (бұдан әрі – ЖИ) жүйелері ғылыми мақалаларды дайындау процесінде көмекші құрал ретінде ғана пайдаланылуы мүмкін.
ЖИ жүйелерін пайдалану ғылыми зерттеудің түпкілікті нәтижесін алмастырмайды және автордың интеллектуалдық жауапкершілігін жоймайды.
ЖИ көмегімен алынған кез келген мазмұн автор тарапынан міндетті түрде тексерілуге, ғылыми негізделуге және түпкілікті редакциялануға тиіс.
Ашықтықты қамтамасыз ету
Авторлар ЖИ жүйелерін пайдалану фактісі туралы журналға міндетті түрде хабарлауға тиіс.
ЖИ қолдану туралы ақпарат мақалада арнайы белгіленген бөлімде (мысалы, «Әдіснама», «Алғыс білдіру») көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ЖИ қолданылғаны туралы ақпарат оқырманға түсінікті әрі айқын түрде ұсынылуға тиіс.
Синтетикалық мазмұнды таңбалау
ЖИ жүйелері арқылы генерацияланған немесе өңделген мәтіндік, графикалық, кестелік және өзге де материалдар «синтетикалық нәтиже» ретінде міндетті түрде таңбаланады.
Мұндай мазмұнды ұсыну тәсілі оқырманды жаңылыстырмайтын, қабылдауға кедергі келтірмейтін және техникалық тұрғыдан қолжетімді болуы тиіс.
ЖИ көмегімен жасалған ғылыми тұжырымдар мен деректер олардың шығу тегі көрсетілмей жарияланбайды.
Жауапкершілік
ЖИ жүйелерін пайдалану нәтижесінде дайындалған материалдардың мазмұны, дұрыстығы және ғылыми шынайылығы үшін толық жауапкершілік авторларға жүктеледі.
ЖИ жүйесі автордың орнына ғылыми шешім қабылдаушы субъект ретінде танылмайды және авторлық құқық субъектісі бола алмайды.
ЖИ пайдаланудың рұқсат етілген көлемі: Ғылыми мақалаларды дайындау барысында ЖИ жүйелерін пайдалану үлесі тек көмекші сипатта болуы тиіс және жалпы мазмұнның 30 %-ынан аспауы қажет.
Аталған шектеуге мыналар кіреді:
- мәтінді редакциялау және тілдік түзету;
- құрылымдық ұйымдастыруға көмек;
- бастапқы идеяларды генерациялау;
- код немесе техникалық мәтіндерді әзірлеуге көмек.
ЖИ көмегімен алынған мәтін ғылыми қорытындының, талдаудың және нәтижелердің негізін алмастырмауға тиіс.
Белгіленген 30 пайыздық шек бұзылған жағдайда мақала редакциялық қарауға жіберілмейді немесе қосымша этикалық сараптамадан өтеді.
Заңнамаға сәйкестік
ЖИ жүйелерін қолдану Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, оның ішінде дербес деректерді қорғау және жасанды интеллект саласындағы нормативтік актілерге толық сәйкес жүзеге асырылады.
ЖИ нәтижелерінің заң талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету міндеті авторлар мен журнал редакциясына бірдей жүктеледі.