Аңдатпа
Мақалада Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Спасское ауылының дамуы туралы баяндалады. Тарихи-мәдени мұраны шіркеулік ағаш сәулет өнерінің нысандары арқылы көрсету, материалдық және ұлттық рухани мәдени мұраны кеңінен ашуға мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысымыздың негізгі нысаны - ХХ ғасырдың 80-жылдарына дейін ауылда орналасқан ағаштан жасалған шіркеудің құрылысының тарихы болмақ. Ағаштан жасалған сәулет өнерінің бірегей ескерткіші аталмыш кезеңнің тарихи-мәдени маңызы бар ескерткіштерінің бірі болған. Ғимарат архитектурасының жеке формаларының сұлулығы мен кемелділігі дәстүрлі орыс ағаш сәулет өнеріне тән жалпы пропорционалды құрылымға байланысты белгілі бір эстетикалық құндылыққа ие. 80-жылдардың басында бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалымен тарихи ескерткішті сақтау қажеттігі туралы мәселе көтерілді. Жергілікті билік ғимаратты бұзып, облыс орталығы Атбасар қаласына көшіру, тарихи-өлкетану мұражайына орналастырып қалпына келтіру туралы шешім қабылдады. Шіркеудің бөлшектелген құрылысы, бірнеше жыл өтсе де қалпына келтірілмеген.
Өлкетану материалдарының ішінде шіркеу ғимаратын қалпына келтіруге әрекет жасаған өлкетанушы, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкері Н.В.Антончевтің құжаттар топтамасы анықталды. Омбы облысының тарихи мұрағатының қорында жергілікті билік органдарының Омбы рухани консисториясымен шіркеу құрылысы мәселелері бойынша құжаттар сақталған.
01 Кіріспе
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.