Аңдатпа
Бәйті кешені – Үстірттің Маңғыстаудың ойына қараған шыңында орналасқан ежелгі ғұрыптық ескерткіш. Ескерткіштер кешеніне археологиялық қазбалардан басқа зерттеулер жүргізілмеген. 2024 жылғы далалық топономастикалық экспедиция кезінде Бәйті кешені аймағында ескерткішпен танысып, жергілікті елден деректер жинақталды. Бұл мақала осы деректердің негізінде Үстірттің Маңғыстау жағындағы қабағына орналасқан Бәйті тарихи топонимиялық кешенінің пайда болған уақытын, сол кезеңдегі этникалық ахуалды, саяси жағдайды, этникалық араластықты т.б. мәселелерді талдауға арналады.
Зерттеу жинақтаған топонимиялық, этнографиялық деректер Бәйті кешеніне қатысты түсініктердің бәрін қайта қарауға мүмкіндік береді. Біріншіден, бұл тұжырым «сармат-алан» ұғымына қатысты. Біз бұл атаудың латындық нұсқасына, яғни Sarmatae/Сарматай атауына қайтып келуді ұсынамыз. Екіншіден, сармат тайпалары арасында басшылық жасаған Аорстарды біз Маңғыстау және оған жапсарлас аймақтарды мекендеген Адай конфедерациясының құрамындағы Құнанорыс тайпасымен байланысты қарастырамыз. Үшіншіден, Құнанорыс құрамындағы Сүйіндік, Жүнді эпонимдерін біз ғұн дәуірімен, соның ішінде ғұндардың негізгі құрамында болған сюнну/сюубу және кейін қосылған жүнді/жун-ди қауымдарымен байланыстырамыз. Қазіргі уақытта оларды арғын және адай конфедерацияларының құрамынан көреміз. Бәйті кешенінен табылған таңбалар ерекше қызығушылық тудырып отыр. Жүргізген салыстырмалы зерттеулер Бәйті ғибадатханасынан табылған таңбалардың көпшілігі ортағасырлық оғыз таңбалары мен қазақ таңбаларына ұқсас екенін көрсетіп отыр.
01 Кіріспе
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.