Аңдатпа
Мақалада Әйтеке бидің өмір сүрген жылдарының нақты мерзімі болмағанымен, Өзбекстанның Науаи облысы Нұрата қаласында – бір аймақта туып, қайтыс болғаны атап өтіледі. Халық жадысы арқылы оның Нұрата қаласындағы орталық зиратқа жерленген орны белгілі болды. Ұзақ жылдар бойы оның жеке портреті белгісіз болып, тек бірнеше жыл бұрын ғана анықталып отыр. Мақаланың мақсаты: Әйтеке бидің жерленген жерінен алынған сүйек қалдықтарын тарихи-антропологиялық зерттеу және оның бас сүйегі бойынша алынған мүсіндік антропологиялық реконструкциямен таныстыру. Сонымен қатар, алынған бейнені XVII ғасырдың соңында испан суретшісі салған тірі кезіндегі портретімен салыстыру. Зерттеу археологиялық қазба, архивтік және антропологиялық зерттеулер арқылы стандартты әдіспен жүргізілді. Авторлар сонымен қатар М.М. Герасимов әзірлеген мүсіндік антропологиялық реконструкция ғылыми әдісіне сүйенген. Соның нәтижесінде Әйтеке бидің сүйек қалдықтарына тарихи-антропологиялық сәйкестендіру жұмыстары жүргізіліп, оның нақты жерленген жері анықталып, бас сүйегінен оның мүсіндік антропологиялық реконструкциясы жасалған, алынған нәтижелер Әйтеке бидің нақты келбетін анықтауға мүмкіндік берді. Бұл мүсіндік портрет антропологиялық тұрғыдан Әйтеке бидің көзі тірісінде салған испан суретшісі Хуан Харистің суретімен салыстырылды. Негізгі тұжырым: тарихи-мәдени мәліметтерге және сүйек қалдықтарының антропологиялық сәйкестендірілуіне байланысты, олар шын мәнінде Әйтеке биге тиесілі екені анықталды. Әйтеке бидің сыртқы келбетінің кейінгі барлық бейнелері оның реконструкция жасалған бейнесі мен оның тірі кезінде салынған портретіне негізделуі керек.
01 Кіріспе
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.