Аңдатпа
Мақала белгілі Әзірбайжан ақыны М. Шәһрияр шығармашылығындағы Наурыз мерекесінің сипаттамасына, оған байланысты ережелерге, әдет-ғұрыптар мен рәсімдерге, сондай-ақ қазіргі дәуірдегі оның мәртебесіне интерпретация жасауға арналған.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті: көктем мезгілінің басты символы, гуманистік сипатқа ие Наурыз мерекесінің ерекшеліктерін және жалпы шығыстық құндылықтарды ғылыми негізде зерттеу. Әзірбайжан идеологиясы аясында жазылған мақаланың теориялық-методологиялық негізі – хронологиялық жүйелілік, өзара және салыстырмалы талдауға негізделген. Сондай - ақ, этнографиялық зерттеулерде кеңінен қолданылатын тәсілдер арқылы мәселені объективті түрде интерпретациялар әдісі қолданылды. Зерттеуде М. Шәһриярдың шығармалары мен тарихи-этнографиялық деректер пайдаланылды.
Материалдарды салыстырмалы талдау арқылы Наурыз мерекесінің тек әзербайжандар арасында ғана емес, жалпы Шығыс халықтары арасында да кеңінее таралғаны туралы қорытынды жасалды. Мақалада негізінен белгілі Әзірбайжан ақыны М. Шәһриярдың «Гейдарбабаның сәлемі» поэмасында баяндалған Наурыз мерекесі туралы түсініктерге ерекше назар аударылған. Оңтүстік Әзірбайжан халқы Наурызға байланысты бірнеше әдет-ғұрыптарды сақтағаны және қызықты рәсімдер өткізгені анықталды.
Материалдарға салыстырмалы талдау жасау арқылы Наурыз мерекесінің егіншілік пен мал шаруашылығына тікелей байланысты екені және Әзірбайжан ұлтының басқа да түркі халықтарының тарихи және мәдени дамуына қатыстылығын көрсететінін және оның этникалық ерекшеліктерін аша түсетініндігі анықталды.
01 Кіріспе
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.