Аңдатпа
Ғылыми мақалада Еуразиялық аймақта соғыс пен әскери өнердің қалыптасуына өзіндік елеулі үлес қосқан ортағасырлық көшпенділердің соғысу әдіс-тәсілдері қарастырылған. Көшпелі өмір салтын әскерилендіру орта ғасырлардағы халықтардың материалдық және рухани мәдениетінде де көрініс тапты. Көшпенділер бірнеше ғасырлар бойы қарсыластарынан әскери-саяси басымдыққа ие болған әскери жүйені құрушылар болғандығын тарихи деректер дәлелдер отыр. Көшпенді халықтардың әскери тарихының көп қырлы мәселелері қазіргі таңда жан-жақты зерттелуде. Алайда, әскери-тарихи тақырып қазіргі таңда қазақстандық тарихнамада жеткілікті зерттелмеген мәселелердің бірі болып отыр. Осы негізде жазылған бұл ғылыми мақаланың мақсаты: қазақ хандығы жауынгерлерінің әскери өнерін зерттеу арқылы олардың соғыс жүргізу тактикасын, қару-жарақ түрлерін, әскери құрылымын және соғыс әдістерін анықтау. Сондай-ақ, қазақ әскери дәстүрінің тарихи дамуын, оның көршілес халықтармен қарым-қатынасын және заманауи әскери өнерге ықпалын талдау. Мақалада қазақ халқының әскери өнері туралы тарихи деректерді талдау мен сараптаудың тарихи-салыстырмалы және тарихи-типологиялық, индуктивті талдау әдісітері бойынша жүргізілді. Бұл зерттеу қазақ халқының әскери мұрасын тереңірек түсінуге және оны қазіргі заман тұрғысынан бағалауға мүмкіндік береді. Қазақ соғыс өнерінің қалыптасуы мен қолданысқа ену кезеңдеріне қатысты деректерді, ғылыми тұжырымдалған фактілердің мазмұнын ашуға бағытталған салыстыру, талдау тәсілдеріне басымдық берілді. Қазақ халқының әскери өнері туралы жинақталған деректер мен мәліметтер саралана отырып, ғылыми айналымға ұсынылды.
01 Кіріспе
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.