Аңдатпа
Түркі тілдес халықтардың ғасырлар бойы қалыптасқан ортақ тарихи-мәдени даму жолы олардың рухани мұрасының біртұтастығын айғақтайды. Қазақ халқының этникалық болмысы XV ғасырда толық қалыптасқанымен, оған дейінгі мәдениет нысандары рулық-тайпалық өнер аясында дамығаны белгілі. XIV–XV ғасырларда Сырдария алқабынан Алтайға, Оңтүстік Орал маңынан Жетісуға дейінгі кеңістікте өмір сүрген түркі тілдес тайпалар бірлестігі кейін Шыңжаң қазақтарының этникалық құрамын анықтады. Аталмыш түркі халықтарының рухани мұрасы, соның ішінде аспаптық музыкасы көшпелі өмір салтымен тығыз байланысты болып, этностың мәдени тұтастығы мен ұлттық болмысының қалыптасуына зор ықпал етті. Осы негізде жазылған бұл ғылыми мақалада Шыңжаң қазақтарының аспаптық музыкалық мұрасы тарихи-мәдени контексте қарастырылған. Зерттеу мақсаты – осы аймақтағы домбыра және сыбызғы дәстүріне тән көркемдік-орындаушылық ерекшеліктерді, тарихи тұлғалардың рөлін, аймақтық мектептердің қалыптасуын жүйелі түрде зерделеу арқылы бұл өңірдің түркі әлемі мен Қазақстанның музыкатану ғылымындағы орны мен маңызын айқындау. Зерттеу барысында тарихи-типологиялық, салыстырмалы-теориялық және этнофондық әдістер мен кешенді талдау тәсілдері қолданылды. Шыңжаң қазақтарының аспаптық музыкасы ноталық және аудиоматериалдар негізінде сараланып, домбыра күйлерінің құрылымдық ерекшеліктері мен саздық-мақамдық айырмашылықтары айқындалды. Нәтижесінде, бұл өңірдің өзіндік орындаушылық дәстүрлері, тарихи тұлғалардың көркемдік қолтаңбасы және аспаптық музыкасының тарихи-мәдени даму үдерісі ғылыми тұрғыдан талданды.
01 Кіріспе
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.