Меню

Том 109 № 2 (2025): Мәдени мұра №2 (109) 2025

Опубликовано: 2025-06-13

Статьи

2001-2008 ЖЫЛДАРЫ ҚАРАТАУДА ЖҮРГІЗГЕН АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕТТЕУЛЕР (ТҰРАН АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ МАТЕРИАЛДАРЫ НЕГІЗІНДЕ)

Мақалада Тұран археологиялық экспедициясының 2001-2008 жж. Түркістан облысы (бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы),  Сауран (бұрынғы Түркістан) ауданы аумағында жүргізген археологиялық зерттеулері ұсынылған. Зерттеу мақсаты: Тұран археологиялық экспедициясының Қаратауда жүргізген қазба және барлау жұмыстары нәтижесінде анықталған ортағасырлық
ескерктіштердің тарихи-мәдени қалыптасуы мен дамуын зерделеу. Археологиялық зерттеудің әдіс-тәсілдері (іздеу, барлау, қазба) негізінде Қаратаудың күнгей беткейінде орналасқан ортағасырлық Күлтөбе мен Қарашық қалашықтарында зерттеу жұмыстары жүргізіліп, олардың құрылымдық-жоспарлану ерекшеліктері, мәдени қабаттары және археологиялық кешендері анықталды. Қазба барысында алынған деректер аймақтың тарихи дамуы мен қалалық мәдениетінің қалыптасу үдерістерін нақтылауға мүмкіндік  берді. Сонымен қатар экспедиция мүшелері Біресек, Байылдыр, Жыңғылшық, Үшөзен, Қарақұдық сияқты өзен аңғарлары мен шатқалдарында барлау жұмыстарын жүргізіп, 15 жерден ежелгі тасқа салынған сурет орындарын (петроглифтерді) анықтады. Олардың қатарында Қоржайлау, Таңбалытас, Тектұрмас, Қиынжүрек, Қарадегерес, Төсбұлақ, Шүкірсаз, Қызылшың, Бұрақоныс, Кеңөзен, Қарақұс, Майдантал, Майлықара сынды маңызды нүктелер бар. Бұл петроглифтерде ежелгі қоғам мүшелерінің діни-мифологиялық ұғымдары, аңшылық және мал шаруашылығы көріністері бейнеленген. Әсіресе, бейнелеу стиліндегі әртүрлілік пен композициялық тұтастық ежелгі адамның дүниетанымын ашуда үлкен рөл атқарады. Мақалада археологиялық деректерге сүйене отырып, тасқа салынған
суреттердің және ортағасырлық ескеркіштердің тарихи-мәдени маңызы, зерттеу әдістері мен келешектегі ғылыми бағыттары жүйелі түрде талданған.

ARCHEOLOGICAL MONUMENTS OF TURKESTAN REGION IN THE TURKESTAN ARCHAEOLOGICAL EXPEDITION RESEARCH

This article is about the results of the research work of the Turkestan archaeological expedition, which excavated archaeological monuments of the Turkestan region. The main objective of the expedition was to determine the lack of a full assessment of the archaeological monuments of the early medieval and medieval urban culture in the Turkestan region, and the lack of detailed study of the specific features of the of the Turkestan region monuments. During the work of the Turkestan archaeological expedition, a number of innovations and corrections were made to almost all scientific views on the formation and development of ancient and medieval settlements and urban culture in the region. The analysis of the studied data on archaeological monuments of the Turkestan region was carried out by methods of historical-comparative and historical-typological, inductive analysis. Priority was given to methods of chronological comparison and analysis aimed at identifying the content of ceramic and material data, scientifically formulated facts related to the period of construction of archaeological monuments of the region. The accumulated results of archaeological research are presented for scientific circulation.

О РОЛИ ЗЕРКАЛ В ПОГРЕБАЛЬНОМ ОБРЯДЕ СКИФО-САРМАТСКОЙ ЭПОХИ

Цель статьи — исследование вопросов, связанных с ролью зеркала в заупокойном обряде скифо-сарматского времени. Базой для изучения указанной проблемы служат этнографические и археологические источники. Считается, что у многих древних народов зеркалам в этом ритуале, отводилась особая роль. Значение зеркала в погребальной практике особенно выделяется в археологии скифо-сарматского времени. Бронзовые зеркала достаточно часто встречаются в наборах сопроводительного инвентаря погребений носителей скифской, савроматской, сарматской, пазырыкской и других археологических культур. Зеркала находят в могилах представителей различных гендерных групп. Предполагается, что в древности люди рассматривали образ, появлявшийся в зеркале, как отражение души его владельца. Исходя из того, что у многих народов Азии зеркало было важной культовой принадлежностью шаманов, обнаруженные в археологических памятниках зеркала и относят к числу магических вещей, предназначенных для совершения заупокойных обрядов.

Зеркала могли использоваться в магических действах скифо-сарматской эпохи, но ещё при жизни человека, поскольку под понятием магия подразумеваются действия людей, которые имеют цель влиять сверхъестественным образом на тот или иной материальный предмет или явление.

Результаты исследования позволяют говорить о том, что толкование магической роли зеркала в погребальном обряде населения Евразии в скифо-сарматское время не находит подтверждения. Рассмотренный материал показал, что к использованию этнографических данных при интерпретации магической роли зеркал в погребальном обряде древних народов, следует подходить осмотрительно, учитывая время, к которому относятся сведения об их употреблении.

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ ҚЫШ ӨНДІРІСІ ЭТНОГРАФИЯСЫ

Мақалада Орталық Азия елдерінің қыш өндірісіне қатысты ғылыми еңбектер талданған. Зерттеудің мақсаты: Оңтүстік Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан территорияларындағы қыш өндірісінің тарихнамасын зерттеу. Ғылыми-зерттеу жұмысы барысында мәселелік-хронологиялық, тарихи-жүйелілік және пәнаралық әдістер қолданылды. Аталған жұмыста әскери топографтардың, Бас штаб офицерлерінің жол жазбалары және В.В. Екимова, К.И. Антипина, Ө. Жәнібеков және т.б. этнографтардың ғылыми еңбектері дереккөз қоры ретінде ұсынылған. В. Розвадовский жеті елді-мекеннің (Бұқара, Қаршы, Самарқанд, Ходжент, Ұра-Төбе, Риштан, Ташкент) қыш өндірісін зерттеген. Орта Азия халықтарының, соның ішінде өзбек халқының мәдениеті бойынша маман, этнограф В.В. Екимованың жұмыстарын ерекше атап өткен жөн, ғалымның зерттеу жолы мен экспедициялық қызметі  өзбек халқының материалдық мәдениетін зерттеуге бағытталған. Хорезм экспедициясының құрамында өзбектердің қыш өндірісі бойынша мәліметтер жинақтап, үлкен ыдыстарды жасаудың
техникасын сипаттап, «рисоля» бойынша қысқаша ақпарат берген. Қырғыз халқының құрылыс саласында сазды қолдануы жайында К.И. Антипина іргелі жұмыстар жүргізіп, қырғыз мәдениетін жан-жақты зерттеген, қырғыздардың кілем жасау, өрнек тоқу және т.б көптеген сәндік-қолданбалы өнер түрлерінің тарихы мен дәстүрлері туралы ғылыми еңбектер қалдырған. Тарихшы, этнограф Ө. Жәнібеков еңбегінде де қазақ халқының құрылыста сазды пайдалану жайында қысқаша мәлімет берілген. Әдебиеттерді талдау нәтижесінде Орталық Азиядағы қыш өндірісін зерттеу жұмыстары XIX ғасырда басталғаны, ал кейін бұл бағыттағы ізденістер жүйелі түрде этнографиялық және археологиялық зерттеулермен жалғасын тапқаны ғылыми тұрғыда дәлелденді.

ОРТАҒАСЫРЛЫҚ САРАЙШЫҚТЫҢ ҚЫШ ӨНДІРІСІ: АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТТАНУЛЫҚ ТАЛДАУ

Мақалада Алтын Орда дәуіріндегі қыш өндірісінің дамуын, оның технологиялық және көркемдік ерекшеліктері сараланған. Археологиялық қазбалар барысында табылған қыш бұйымдар арқылы Сарайшық қаласының ортағасырлық қолөнер мен
сауда орталығы болғаны дәлелденеді. Зерттеудің мақсаты – Сарайшық қалашығы орнындағы археологиялық материалдар негізінде Алтын Орда дәуіріндегі полихромды жылтырлы керамиканың технологиялық, көркемдік және мәдени ерекшеліктерін анықтау. Зерттеуде археологиялық, салыстырмалы-тарихи және сипаттамалық әдістер кешенді түрде қолданылды. Қыш бұйымдардың материалдық құрамы, глазурьлеу және сырлау әдістері, полихромды керамика үлгілері қарастырылады. Әртүрлі өңдеу тәсілдері мен бояулардың қолданылуы олардың эстетикалық мәнін арттырып, мәдени ықпалдастықты көрсетеді. Қытай, Иран, Орталық Азия және Еуропа мәдениеттерінің ықпалы Алтын Ордадағы керамика өнерінде айқын байқалады. Бұйымдарда өсімдік, зооморфты, геометриялық өрнектермен қатар, ислам мәдениетіне тән жұмақ бағы бейнесінің символдық нышандары кездеседі. Автор Алтын Ордалық керамиканың өзге өркениеттермен байланысын көрсете отырып, жергілікті ерекшеліктермен ұштастырып жасалған қыш бұйымдардың көркемдік және тарихи құндылығын ашады. Мақалада ерекше зерттеу нысаны болған – алтын фольгамен әрленіп, қызыл таушымылдық гүлдері бейнеленген сәнді полихромды керамика бөлшегі болып табылады. Аталмыш бұйым ислам мәдениетіне тән жұмақ бағы бейнесінің көркемдік нышаны ретінде қарастырылады. Зерттеуде Алтын Ордалық керамиканың мәдени синтезін сипаттап, оның тарихи және эстетикалық құндылығын аша отырып, әртүрлі өркениеттермен байланысын нақты мысалдар арқылы ұсынылған.

З. САМАШЕВТІҢ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛА МӘДЕНИЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ (САРАЙШЫҚ ҚАЛАСЫ НЕГІЗІНДЕ)

Мақалада XIII-XVI ғасырлар аралығында өркендеген Қазақстан аумағындағы маңызды ортағасырлық қалалардың бірі болған Сарайшық қаласының тарихи-мәдени маңызы, қаланың қалыптасуы мен дамуы, сондай-ақ стратегиялық рөлі жан-жақты
талданған. Зерттеудің негізгі мақсаты – ортағасырлық Сарайшық қаласының тарихи және мәдени мұрасын ғылыми тұрғыда зерделей отырып, оны сақтау, қорғау және насихаттау жолдарын анықтау. Сондай-ақ, ғалым - археолог Зейнолла Самашевтің аталмыш қаладағы кешенді археологиялық жұмыстарының маңызын ашып көрсету. Зерттеу барысында тарихи-археологиялық деректер негізінде талдау жасалып, салыстырмалы сипаттама беру, құжаттық материалдар мен археологиялық қазба жұмыстары нәтижелерін талдауда жүйелеу әдістері қолданылды. З. Самашев жүргізген далалық зерттеу материалдары мен ғылыми еңбектері негізге алынып, қала дамуының кезеңдік ерекшеліктері мен мәдени-тарихи контексті кешенді түрде қарастырылды. Сарайшықтың дамуы мен сәулеттік құрылымы, тұрғындардың өмір салты, қолөнер мен сауда жүйесі археологиялық деректер негізінде сипатталған. Зерттеуде З. Самашевтің Сарайшықты зерттеудегі сіңірген еңбегін, қазба жұмыстарының нәтижесін және Сарайшық қаласының қалыптасуы мен өркендеуінің төрт кезеңі талданып, оның көшпелі өркениет пен отырықшы мәдениеттің тоғысқан орталығы ретінде маңыздылығы айқындалған. Сонымен қатар, қалашықты сақтап қалуға байланысты өзекті мәселелер мен  атқарылған жұмыстар туралы деректер ұсынылған. Қаланың Ұлы Жібек жолының бойында орналасып Алтын Орда, Ноғай Ордасы және Қазақ хандығы кезеңіндегі сауда, мәдениет және әкімшілік орталық ретіндегі маңыздылығы және табиғи факторлар әсерінен қаланың жойылу қаупі және оны сақтау жолдары да қарастырылған.

ФУНКЦИОНАЛЬНО-СЕМАНТИЧЕСКИЕ ИНТЕРПРЕТАЦИИ КУРГАНОВ С КАМЕННЫМИ ГРЯДАМИ: ИСТОРИОГРАФИЧЕСКИЙ ОБЗОР

В статье рассматриваются различные функционально-семантические интерпретации курганов с каменными грядами («усами»), сложившиеся в историографии в период с середины XX века до настоящего времени. Анализируются взгляды различных исследователей с учетом современных культурно-хронологических представлений. Обозначены ключевые функции, приписываемые данным сооружениям: культово-анцестральная, культово-солярная, праздничная, ритуально-очистительная и т.д. Показано, что наиболее убедительными в рамках современной научной парадигмы являются интерпретации, трактующие курганы с «усами» как культово-мемориальные комплексы раннетюркских племен, связанные с почитанием высокостатусных усопших и сакрализацией пространства. Отмечаются необходимость комплексного и критического подхода к интерпретации подобных объектов.

ИЗУЧЕНИЕ ИНСТРУМЕНТАЛЬНОГО МУЗЫКАЛЬНОГО НАСЛЕДИЯ КАЗАХОВ СИНЬЦЗЯНА

Многовековой общий историко-культурный путь развития тюркоязычных народов свидетельствует об их духовном наследии как едином целом. Несмотря на то, что этническая идентичность казахского народа окончательно сформировалась в XV веке, культурные ценности до этого периода развивались в рамках родо-племенного искусства. Этническое единство тюркоязычных племён, населявших в XIV–XV веках территорию от долины Сырдарьи до Алтая, от Южного Урала до Жетысу, во многом предопределило состав казахов Синьцзяна. Духовное наследие этих народов, в том числе инструментальная музыка, тесно связано с кочевым образом жизни и оказало значительное влияние на формирование культурного единства и национальной самобытности этноса. Настоящая научная статья посвящена анализу инструментального музыкального наследия казахов Синьцзяна в историко-культурном контексте. Цель исследования — выявить художественно-исполнительские особенности домбровой и сыбызгиевой традиций данного региона, проанализировать роль исторических личностей и формирование региональных исполнительских школ, а также определить место и значение этого наследия в музыковедении тюркского мира и Казахстана. В ходе исследования применены историко-типологические, сравнительно-теоретические и этнофоноаналитические методы, а также комплексный подход. Инструментальная музыка казахов Синьцзяна была проанализирована на основе нотных и аудиоматериалов, выявлены структурные особенности домбровых кюев, различия в интонационно-ладовом строе. В результате научного анализа были рассмотрены региональные исполнительские традиции, художественная индивидуальность исторических деятелей и историко-культурная эволюция инструментального музыкального искусства региона.

КАРА-ШАЙТАН – СВЯЗУЮЩЕЕ ЗВЕНО МЕЖДУ МЕРВОМ И БУХАРОЙ

Данная статья посвящена личности, встречаемой в источниках под псевдонимом Кара-Шайтан (Гара-Шейтан, Чёрный Дьявол). Его настоящее имя современной историографии не известно. Вместе с тем, его судьба весьма тесно связана с прошлым туркменского народа второй половины XIX в. Цель нашего исследования – сбор всего имеющегося материала, который позволит приоткрыть завесу этого неизученного вопроса. Применение сравнительно-исторического метода при исследовании исторических данных, а также использование антропологического подхода в деле освещения поставленной задачи, помогут представить всю картину событий того времени в мельчайших деталях. При написания данной работы были употреблены бухарские, казахские, российские и европейские источники, информация которых удачно выстроила хронологию развернувшихся военных и политических событий. Перед нами предстают неизвестные факты участия туркменских племен в событиях, связанных с завоеванием Российской империей Бухарского эмирата. Выявляются новые исторические личности и их роль в эпизодах этого бурного исторического отрезка региона. Показана роль туркменских блюстителей порядка – ясавулов и их караульная служба на границе Мервского оазиса и Бухарского эмирата. Во главе всего этого явления стоял Кара-Шайтан, деятельность которого послужила упрочению мира и стабильности в регионе.