З. САМАШЕВТІҢ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛА МӘДЕНИЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ (САРАЙШЫҚ ҚАЛАСЫ НЕГІЗІНДЕ)
Аннотация
Мақалада XIII-XVI ғасырлар аралығында өркендеген Қазақстан аумағындағы маңызды ортағасырлық қалалардың бірі болған Сарайшық қаласының тарихи-мәдени маңызы, қаланың қалыптасуы мен дамуы, сондай-ақ стратегиялық рөлі жан-жақты
талданған. Зерттеудің негізгі мақсаты – ортағасырлық Сарайшық қаласының тарихи және мәдени мұрасын ғылыми тұрғыда зерделей отырып, оны сақтау, қорғау және насихаттау жолдарын анықтау. Сондай-ақ, ғалым - археолог Зейнолла Самашевтің аталмыш қаладағы кешенді археологиялық жұмыстарының маңызын ашып көрсету. Зерттеу барысында тарихи-археологиялық деректер негізінде талдау жасалып, салыстырмалы сипаттама беру, құжаттық материалдар мен археологиялық қазба жұмыстары нәтижелерін талдауда жүйелеу әдістері қолданылды. З. Самашев жүргізген далалық зерттеу материалдары мен ғылыми еңбектері негізге алынып, қала дамуының кезеңдік ерекшеліктері мен мәдени-тарихи контексті кешенді түрде қарастырылды. Сарайшықтың дамуы мен сәулеттік құрылымы, тұрғындардың өмір салты, қолөнер мен сауда жүйесі археологиялық деректер негізінде сипатталған. Зерттеуде З. Самашевтің Сарайшықты зерттеудегі сіңірген еңбегін, қазба жұмыстарының нәтижесін және Сарайшық қаласының қалыптасуы мен өркендеуінің төрт кезеңі талданып, оның көшпелі өркениет пен отырықшы мәдениеттің тоғысқан орталығы ретінде маңыздылығы айқындалған. Сонымен қатар, қалашықты сақтап қалуға байланысты өзекті мәселелер мен атқарылған жұмыстар туралы деректер ұсынылған. Қаланың Ұлы Жібек жолының бойында орналасып Алтын Орда, Ноғай Ордасы және Қазақ хандығы кезеңіндегі сауда, мәдениет және әкімшілік орталық ретіндегі маңыздылығы және табиғи факторлар әсерінен қаланың жойылу қаупі және оны сақтау жолдары да қарастырылған.
Скачивания
Загрузки
Опубликован
Deprecated: Function strftime() is deprecated in /home/webpr687/domains/madenimura-journal.kz/public_html/lib/pkp/lib/vendor/smarty/smarty/libs/plugins/modifier.date_format.php on line 81
2025-07-01
