Мәзір

Нөмір 109 № 2 (2025): Мәдени мұра №2 (109) 2025

Жарияланды: 2025-06-13

Статьи

2001-2008 жылдары Қаратауда жүргізген археологиялық зеттеулер (Тұран археологиялық экспедициясы материалдары негізінде)

Мақалада Тұран археологиялық экспедициясының (жетекшісі тарих ғылымдарының докторы, профессор М.Елеуов) 2001-2008 жж. Түркістан обылысы (бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы), Сауран (бұрынғы Түркістан) ауданы аумағында жүргізген археологиялық зерттеулері кең көлемде баяндалады.

Мақаланың мақсаты: Тұран археологиялық экспедициясының Қаратауда жүргізген қазба және барлау жұмыстары нәтижесінде анықталған ортағасырлық ескерктіштердің тарихи-мәдени қалыптасуы мен дамуын зерделеу.

Зерттеу әдістері: Археологиялық зерттеудің әдіс-тәсілдеріне (іздеу, барлау, қазба) орай  Қаратаудың күнгей беткейінде орналасқан ортағасырлық Күлтөбе мен Қарашық қалашықтарында зерттеу жұмыстары жүргізіліп, олардың құрылымдық-жоспарлану ерекшеліктері, мәдени қабаттары және археологиялық кешендері анықталды.

Зерттеу нәтижелері: Қазба барысында алынған деректер аймақтың тарихи дамуы мен қалалық мәдениетінің қалыптасу үдерістерін нақтылауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар экспедиция мүшелері Біресек, Байылдыр, Жыңғылшық, Үшөзен, Қарақұдық сияқты өзен аңғарлары мен шатқалдарында барлау жұмыстарын жүргізіп, 15 жерден ежелгі тасқа салынған сурет орындарын (петроглифтерді) анықтады. Олардың қатарында Қоржайлау, Таңбалытас, Тектұрмас, Қиынжүрек, Қарадегерес, Төсбұлақ, Шүкірсаз, Қызылшың, Бұрақоныс, Кеңөзен, Қарақұс, Майдантал, Майлықара сынды маңызды нүктелер бар. Бұл петроглифтерде ежелгі қоғам мүшелерінің діни-мифологиялық ұғымдары, аңшылық және мал шаруашылығы көріністері бейнеленген. Әсіресе, бейнелеу стиліндегі әртүрлілік пен композициялық тұтастық ежелгі адамның дүниетанымын ашуда үлкен рөл атқарады.

Қортыныдылар: Қортындылай келе мақалада археологиялық деректерге сүйене отырып, тасқа салынған суреттердің және ортағасырлық ескеркіштердің тарихи-мәдени маңызы, зерттеу әдістері мен келешектегі ғылыми бағыттары жүйелі түрде талданған.

ТҮРКІСТАН АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНІҢ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЕСКЕРТКІШТЕРІ

Аннотация. Мақала, ислам әлемінде ислам дінінің қалыптасуынада өзіндік орны бар және Орта Азиядағы ірі діни орталықтардың бірі болған Түркістан өңірінің археологиялық ескерткіштеріне қазба жүргізген Түркістан археологиялық экспедициясының  ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне арналады.

Мақаланың мақсаты: ХХ ғасырда қарқынды дамыған археология ғылымының жетістіктеріне қарамай Түркістан өңіріндегі ерте ортағасырлық және ортағасырлық қалалық мәдениеттің археологиялық ескерткіштеріне толыққанды баға берілмеуі, Орта  Азияның өзге  көне қалаларына қарағанда Түркістан өңірінің ескерткіштерінің өзіндік ерекшеліктерінің жете зерттелмеуі экспедиция жұмысының назарға алар басты нысанасы болғандығын айқындау.

Түркістан археологиялық экспедициясы өңірдегі қалалар мен тұрақтарға археологиялық қазба жұмыстарымен қатар, бұрын зерттелмеген тың тақырып физико-географиялық, топономикалық, стратиграфиялық және суландыру жүйелеріне де зерттеулер жүргізгендігі анықталады.

Зерттеу жұмыс барысында бұрын зерттелген археологиялық ескерткіштердің мәліметтерін нақтылаумен қатар, ортағасырлық қалалық мәдениеттің жаңа ескерткіштерін анықтау үшін де барлау жұмыстары жүргізіледі.

Зерттеу жұмысы екі кезеңді – қалалық мәдениеттің көне ортағасырлық және дамыған ортағасырлық кезеңдері бойынша жүргізілген. Бірнеше жылға созылған зертеу жұмыстары барысында бірнеше ондаған қалалар мен қоныстарға археологиялық зерттеулер мен есепке алу жұмыстары атқарылған. Түркістан археологиялық экспедициясының жұмысы барысында өңірдегі ежелгі және ортағасырлық қоныстар мен қалалық мәдениеттің қалыптасуы  мен дамуы бойынша нысандардың барлығына дерлік қалыптасқан ғылыми пікірлерге бірнеше жаңалықтар мен түзетулер енгізілгендігі мақала өзегіне айналды.

Материалдар мен зерттеу әдістері.

Түркістан өңірінің археологиялық ескерткіштері туралы зерттелген деректерді талдау мен сараптаудың тарихи-салыстырмалы және тарихи-типологиялық, индуктивті талдау әдісітері бойынша жүргізілді.  Өңірдегі археологиялық ескерткіштердің салыну кезеңіне қатысты керамикалық басқада заттай деректердің, ғылыми тұжырымдалған фактілердің мазмұнын ашуға бағытталған хранологиялық салыстыру, талдау тәсілдеріне басымдық берілді.

Археологиялық зерттеу жұмыстарының жинақталған нәтижелері саралана отырып, ғылыми айналымға ұсынылады.

Нәтиже.

Негізгі деректік материалдар Түркістан археологиялық экспедициясы жүргізген 1996-2006 жылдардағы қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған. Археологиялық қазба кезінде табылған заттай деректер өңірдегі біздің жыл санауымызға дейінгі  көне дәуірдегі тұрақтар мен қала құрылыстарының материалдық және рухани құндылықтары жайлы түсінігімізді байыта түседі.

Белгілі археолог, тарих ғылымдарының кандидаты М.Тұяқбаевтың «Түркістан оазисінің топографиясы, қалалары мен елді мекендерінің тарихи дамуы (ХІІІ-ХІХ ғғ.)» атты монографиясында Түркістан оазисінің қала мәдениетіне қатысты белгілі және жаңа материалдар жүйеленіп, жинақталып, тарихи-археологиялық контекст Түркістан оазисінің қалалары мен елді мекендері эволюциясының негізгі кезеңдерін қайта құруда көрініс тапқан.

Сонымен қатар «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы шығарған «Түркістан өңіріндегі тарихи-мәдени ескерткіштер» атты анықтамалық жинақта Түркістан өңіріндегі археологиялық зерттеулер нәтижесінде табылған тарихи-мәдени, ортағасырлық сәулет-құрылыс және діни – рухани ескерткіштері мен ХІХ-ХХ ғғ. жеткен жаңа заман құрылыстары жайлы анықтамалық мағлұмат берілген. Жинақ ескерткіштің орналасқан жері, уақыты, типологиялық ерекшелігі, жер көлемі, ғылыми зерттелуі, қысқаша тарихы, қазіргі кездегі пайдаланылуы және басқа да мәліметтерді қамтиды.

О РОЛИ ЗЕРКАЛ В ПОГРЕБАЛЬНОМ ОБРЯДЕ СКИФО-САРМАТСКОЙ ЭПОХИ

Цель статьи — исследование вопросов, связанных с ролью зеркала в заупокойном обряде скифо-сарматского времени. Базой для изучения указанной проблемы служат этнографические и археологические источники. Считается, что у многих древних народов зеркалам в этом ритуале, отводилась особая роль. Значение зеркала в погребальной практике особенно выделяется в археологии скифо-сарматского времени. Бронзовые зеркала достаточно часто встречаются в наборах сопроводительного инвентаря погребений носителей скифской, савроматской, сарматской, пазырыкской и других археологических культур. Зеркала находят в могилах представителей различных гендерных групп. Предполагается, что в древности люди рассматривали образ, появлявшийся в зеркале, как отражение души его владельца. Исходя из того, что у многих народов Азии зеркало было важной культовой принадлежностью шаманов, обнаруженные в археологических памятниках зеркала и относят к числу магических вещей, предназначенных для совершения заупокойных обрядов.

Зеркала могли использоваться в магических действах скифо-сарматской эпохи, но ещё при жизни человека, поскольку под понятием магия подразумеваются действия людей, которые имеют цель влиять сверхъестественным образом на тот или иной материальный предмет или явление.

Результаты исследования позволяют говорить о том, что толкование магической роли зеркала в погребальном обряде населения Евразии в скифо-сарматское время не находит подтверждения. Рассмотренный материал показал, что к использованию этнографических данных при интерпретации магической роли зеркал в погребальном обряде древних народов, следует подходить осмотрительно, учитывая время, к которому относятся сведения об их употреблении.

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ ҚЫШ ӨНДІРІСІ ЭТНОГРАФИЯСЫ

Мақалада Оңтүстік Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қарғызстан территорияларындағы қыш өндірісінің тарихнамасын зерттеу мақсатында Орталық Азия елдерінің қыш өндірісіне арналған ғылыми еңбектерге талдау жасалған.

Аталған жұмыста әскери топографтардың, Бас штаб офицерлерінің жол жазбалары, сонымен қатар В.В.Екимова, К.И.Антипина, Ө.Жәнібеков және т.б. этнографтардың ғылыми еңбектері дереккөз қоры ретінде берілген. Суретші В.Розвадовский жеті елді-мекенде, яғни Бұқара, Қаршы, Самарқанд, Ходжент, Ұра-Төбе, Риштан және Ташкенттің қыш өндірісін зерттеген. Сондай-ақ, этнограф, Орта Азия халықтарының, соның ішінде өзбек халқының мәдениеті бойынша маман – Екимова Вера Васильевнаның жұмыстарын ерекше атап өткен жөн, себебі ғалымның зерттеу жолы мен экспедициялық қызметі өзбектердің материалдық мәдениетін зерттеуге бағытталған. Хорезм экспедициясының құрамында өзбектердің қыш өндірісі бойынша мәліметтер жинаған, сонымен қатар этнограф үлкен ыдыстарды жасаудың техникасын сипаттап, «рисоля» бойынша қысқаша ақпарат береді. Қырғыз халқының құрылыс саласында сазды колдануы жайында К.И.Антипина іргелі жұмыстар жүргізіп, соның ішінде қырғыз мәдениетін жан-жақты зерттеп, қырғыздардың кілем жасау, өрнек тоқу және басқа да көптеген сәндік-қолданбалы өнер түрлерінің тарихы мен дәстүрлері туралы ғылыми еңбектердің авторы. Этнограф Ө.Жәнібеков еңбегінде қазақ халқының құрылыста сазды пайдалануы жайында қысқаша мәлімет берілген.

Демек, зерттелген ғылыми әдебиеттер негізінде Орталық Азияда қыш өндірісін зерттеу XIX ғасырда басталып, кейін аймақты зерттеу жұмыстары жүйелі түрде этнографиялық, археологиялық зерттеулермен жалғасты деп қорытынды жасауға болады.

САРАЙШЫҚТЫҢ СЫРЛЫ ҚЫШ БҰЙЫМДАРЫ ЖӘНЕ АЛТЫН САБАҚТЫ ТАУШЫМЫЛДЫҚ

Бұл мақала Алтын Орда дәуіріндегі керамика өнерінің дамуын, оның технологиялық және көркемдік ерекшеліктерін саралайды. Археологиялық қазбалар барысында табылған қыш бұйымдар арқылы Сарайшық қаласының ортағасырлық қолөнер мен сауда орталығы болғаны дәлелденеді. Қыш бұйымдардың материалдық құрамы, глазурьлеу және сырлау әдістері, полихромды керамика үлгілері қарастырылады. Әртүрлі өңдеу тәсілдері мен бояулардың қолданылуы олардың эстетикалық мәнін арттырып, мәдени ықпалдастықты көрсетеді. Қытай, Иран, Орталық Азия және Еуропа мәдениеттерінің ықпалы Алтын Ордадағы керамика өнерінде айқын байқалады. Бұйымдарда өсімдік, зооморфты, геометриялық өрнектермен қатар, ислам мәдениетіне тән жұмақ бағы бейнесінің символдық нышандары кездеседі. Автор алтынордалық керамиканың өзге өркениеттермен байланысын көрсете отырып, жергілікті ерекшеліктермен ұштастырып жасалған қыш бұйымдардың көркемдік және тарихи құндылығын ашады. Мақалада ерекше атап өтілетін жайт – алтын фольгамен әрленіп, қызыл таушымылдық гүлдері бейнеленген сәнді полихромды керамика бөлшегі. Бұл бұйым ислам мәдениетіне тән жұмақ бағы бейнесінің көркемдік нышаны ретінде қарастырылады. Автор алтынордалық керамиканың мәдени синтезін сипаттап, оның тарихи және эстетикалық құндылығын аша отырып, әртүрлі өркениеттермен байланысын нақты мысалдар арқылы көрсетеді.

З. САМАШЕВТІҢ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛА МӘДЕНИЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ (САРАЙШЫҚ ҚАЛАСЫ НЕГІЗІНДЕ)

Бұл мақалада XIII-XVI ғасырлар аралығында өркендеген Қазақстан аумағындағы маңызды ортағасырлық қалалардың бірі болған ортағасырлық Сарайшық қаласының тарихи-мәдени маңызы, қаланың қалыптасуы мен дамуы, сондай-ақ стратегиялық рөлі жан-жақты сипатталады.Сарайшықтың дамуы мен сәулеттік құрылымы, тұрғындардың өмір салты, қолөнер мен сауда жүйесі археологиялық деректер негізінде сипатталады. Автор Қазақстанға белгілі археолог Зейнолла Самашевтің Сарайшықты зерттеудегі сіңірген еңбегін, қазба жұмыстарының нәтижесін және Сарайшық қаласының қалыптасуы мен өркендеуінің төрт кезеңі талданып, оның көшпелі өркениет пен отырықшы мәдениеттің тоғысқан орталығы ретінде маңызы айқындалады. Сонымен қатар, қалашықты сақтап қалуға байланысты өзекті мәселелер мен атқарылған жұмыстар туралы деректер келтіріледі. Қаланың Ұлы Жібек жолының бойында орналасыпАлтын Орда, Ноғай Ордасы және Қазақ хандығы кезеңіндегі сауда, мәдениет және әкімшілік орталық ретіндегі маңызы айқын көрсетілген. Сонымен қатар, табиғи факторлар әсерінен қаланың жойылу қаупі және оны сақтау жолдары да қарастырылады. Автор Сарайшықтың тарихи мұра ретіндегі құндылығын атап өтіп, оны болашақ ұрпаққа жеткізудің ғылыми және практикалық жолдарын ұсынады.

ТАС ҚАТАРЛАРЫ БАР ҚОРҒАНДАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫ-СЕМАНТИКАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕРІ: ТАРИХНАМАЛЫҚ ШОЛУ

This article examines various functional and semantic interpretations of kurgans with stone alignments (so-called kurgan with "mustaches") that have emerged in historiography from the mid-20th century to the present. The views of different researchers are analyzed in the context of current cultural and chronological frameworks. The main functions attributed to these sites are identified, including cult-ancestral, cult-solar, ritual-purification, and festive purposes. It is shown that the most convincing interpretations within the current scholarly paradigm view kurgans with "mustaches" as cult-memorial complexes of early Turkic tribes, associated with the veneration of distinguished deceased individuals and the sacralization of space. The necessity of a comprehensive and critical approach to the interpretation of such monuments is emphasized.

ШЫҢЖАҢ ҚАЗАҚТАРЫ АСПАПТЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ МҰРАСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Түркі тілдес халықтардың ғасырлар бойы қалыптасқан ортақ тарихи-мәдени даму жолы олардың рухани мұрасының біртұтастығын айғақтайды. Қазақ халқының этникалық болмысы XV ғасырда толық қалыптасқанымен, оған дейінгі мәдениет нысандары рулық-тайпалық өнер аясында дамығаны белгілі. XIV–XV ғасырларда Сырдария алқабынан Алтайға, Оңтүстік Орал маңынан Жетісуға дейінгі кеңістікте өмір сүрген түркі тілдес тайпалар бірлестігі кейін Шыңжаң қазақтарының этникалық құрамын анықтады. Аталмыш түркі халықтарының рухани мұрасы, соның ішінде аспаптық музыкасы көшпелі өмір салтымен тығыз байланысты болып, этностың мәдени тұтастығы мен ұлттық болмысының қалыптасуына зор ықпал етті. Осы негізде жазылған бұл ғылыми мақалада Шыңжаң қазақтарының аспаптық музыкалық мұрасы тарихи-мәдени контексте қарастырылған. Зерттеу мақсаты – осы аймақтағы домбыра және сыбызғы дәстүріне тән көркемдік-орындаушылық ерекшеліктерді, тарихи тұлғалардың рөлін, аймақтық мектептердің қалыптасуын жүйелі түрде зерделеу арқылы бұл өңірдің түркі әлемі мен Қазақстанның музыкатану ғылымындағы орны мен маңызын айқындау. Зерттеу барысында тарихи-типологиялық, салыстырмалы-теориялық және этнофондық әдістер мен кешенді талдау тәсілдері қолданылды. Шыңжаң қазақтарының аспаптық музыкасы ноталық және аудиоматериалдар негізінде сараланып, домбыра күйлерінің құрылымдық ерекшеліктері мен саздық-мақамдық айырмашылықтары айқындалды. Нәтижесінде, бұл өңірдің өзіндік орындаушылық дәстүрлері, тарихи тұлғалардың көркемдік қолтаңбасы және аспаптық музыкасының тарихи-мәдени даму үдерісі ғылыми тұрғыдан талданды.

МЕРВ ПЕН БҰХАРА АРАСЫНДАҒЫ БІТІМГЕР- ҚАРА-ШАЙТАН

Ғылыми мақала дереккөздерде Кара-Шайтан (Гара-Шейтан, Қара Ібіліс) деген лақап атпен кездесетін тарихи тұлғаға арналған. Оның шын есімі қазіргі тарихнамада белгісіз. Соған қарамастан, оның тағдыры XIX ғасырдың екінші жартысындағы түрікмен халқының тарихымен тығыз байланысты. Зерттеу жұмысының мақсаты – осы күнге дейін жеткілікті зерттелмеген бұл ғылыми мәселені ашуға мүмкіндік беретін барлық материалдарды жинақтау. Тарихи деректерді зерттеуде салыстырмалы-тарихи әдіс қолданылды, сондай-ақ мәселені ашуда антропологиялық тәсіл арқылы сол кезеңдегі оқиғалар көрінісін жан-жақты ғылыми негізде сипаттауға мүмкіндік берді. Зерттеу жұмысын жазу барысында Бұхаралық, қазақ, орыс және еуропалық дереккөздер қолданылды, олардың мәліметтері сол кезеңдегі әскери-саяси оқиғалардың хронологиясын нақты құруға мүмкіндік берді.

Мақалада осы аймақтағы тарихи үдерістерге, әсіресе Ресей империясының Бұхар әмірлігін жаулап алуы кезіндегі түрікмен тайпаларының қатысуына қатысты бұрын белгісіз болған деректер ұсынылған. Жаңа тарихи тұлғалар мен олардың аймақтағы күрделі тарихи кезеңдегі оқиғаларға қатысуы туралы мәліметтер берілген. Сонымен қатар, Мерв оазисі мен Бұхар әмірлігі шекарасындағы тәртіпті қадағалаған түрікмен яссауылдарының (тәртіп сақшыларының) рөлі мен олардың күзет қызметі туралы баяндалған. Жоғарыда аталған саяси оқиғалардың басында тұрған Кара-Шайтанның қызметі аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықтың орнауына үлес қосты