2001-2008 ЖЫЛДАРЫ ҚАРАТАУДА ЖҮРГІЗГЕН АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕТТЕУЛЕР (ТҰРАН АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ МАТЕРИАЛДАРЫ НЕГІЗІНДЕ)
Мақалада Тұран археологиялық экспедициясының 2001-2008 жж. Түркістан облысы (бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы), Сауран (бұрынғы Түркістан) ауданы аумағында жүргізген археологиялық зерттеулері ұсынылған. Зерттеу мақсаты: Тұран археологиялық экспедициясының Қаратауда жүргізген қазба және барлау жұмыстары нәтижесінде анықталған ортағасырлық
ескерктіштердің тарихи-мәдени қалыптасуы мен дамуын зерделеу. Археологиялық зерттеудің әдіс-тәсілдері (іздеу, барлау, қазба) негізінде Қаратаудың күнгей беткейінде орналасқан ортағасырлық Күлтөбе мен Қарашық қалашықтарында зерттеу жұмыстары жүргізіліп, олардың құрылымдық-жоспарлану ерекшеліктері, мәдени қабаттары және археологиялық кешендері анықталды. Қазба барысында алынған деректер аймақтың тарихи дамуы мен қалалық мәдениетінің қалыптасу үдерістерін нақтылауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар экспедиция мүшелері Біресек, Байылдыр, Жыңғылшық, Үшөзен, Қарақұдық сияқты өзен аңғарлары мен шатқалдарында барлау жұмыстарын жүргізіп, 15 жерден ежелгі тасқа салынған сурет орындарын (петроглифтерді) анықтады. Олардың қатарында Қоржайлау, Таңбалытас, Тектұрмас, Қиынжүрек, Қарадегерес, Төсбұлақ, Шүкірсаз, Қызылшың, Бұрақоныс, Кеңөзен, Қарақұс, Майдантал, Майлықара сынды маңызды нүктелер бар. Бұл петроглифтерде ежелгі қоғам мүшелерінің діни-мифологиялық ұғымдары, аңшылық және мал шаруашылығы көріністері бейнеленген. Әсіресе, бейнелеу стиліндегі әртүрлілік пен композициялық тұтастық ежелгі адамның дүниетанымын ашуда үлкен рөл атқарады. Мақалада археологиялық деректерге сүйене отырып, тасқа салынған
суреттердің және ортағасырлық ескеркіштердің тарихи-мәдени маңызы, зерттеу әдістері мен келешектегі ғылыми бағыттары жүйелі түрде талданған.