Аңдатпа
Мақалада музейлердің мәдени білім беру кеңістігіндегі орны мен олардың әлеуетін тиімді іске асыру жолдары қарастырылады. Музейлердің тек тарихи-мәдени мұраны сақтау орны ғана емес, сонымен қатар тұлғаның зияткерлік, танымдық және рухани дамуына ықпал ететін әлеуметтік институт ретіндегі қызметі сараланады. Зерттеу барысында музейлік білім берудің теориялық негіздері, музей педагогикасының мазмұны мен әдіснамалық тәсілдері, білім беру процесіндегі интерактивті формалардың (музейлік сабақтар, квесттер, үйірмелер, клубтар, экскурсиялар) тиімділігі сипатталады. Сонымен қатар, музей мен білім беру мекемелері арасындағы өзара іс-қимылды күшейтудің жолдары ұсынылады. Мақаланың зерттеу мақсаты: музейлердің білім беру әлеуетін зерттеу және оның жүзеге асырылуындағы тиімді жолдарын жүйелеу. Осы тұрғыдан алғанда музейде білім берудің қазіргі даму бағыттарын саралау, тиімді формалары мен әдістерін сипаттау, олардың білім алушыларға тигізетін әсерін талдау өзекті мәселердің бірі болып отыр. Мақалада келтірілген ғылыми пайымдаулар мен талдаулар музейлердің мәдени білім беру әлеуетін тиімді іске асыруға бағытталған нақты тетіктерді анықтауға мүмкіндік береді.
01 Кіріспе
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.