Журнал «Мәдени мұра» – рецензируемый научный журнал открытого доступа
  • Перейти в режим для слабовидящих
ISSN 2708-3365 (Print)
ISSN 3006-1377 (Online)

МУЗЕЙЛЕРДІҢ МӘДЕНИ БІЛІМ БЕРУ ӘЛЕУЕТІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

Авторы

  • Асем Орынбекова

Ключевые слова:

музей педагогикасы, мәдени білім беру кеңістігі, заманауи әдістер, музейлік сабақ, квест, оқыту формалары

Аннотация

Қазіргі таңда музейлер білім беру үдерісінің маңызды құрамдас бөлігіне айналды. Бұл салада жүзеге асырылып жатқан
жұмыстардың ауқымы кең әрі мазмұны жағынан алуан түрлі және олардың әрқайсысы мазмұндық және ұйымдастырушылық
жағынан түрлі формаларда іске асады. Сонымен қатар, бұл қызмет түрлері тарихи-әлеуметтік жағдайлардың, ғылыми ізденістер мен қоғам талаптарының әсерімен үнемі дамып, жаңарып отырады. Осыған байланысты мәдени білім беру жұмысы музейдің танымдық, тәрбиелік және коммуникативтік қызметтерін жүзеге асырудағы маңызды құрал болып табылады. Бұл мақалада музей қызметінің білім беру аспектілері жан-жақты сипатталып, музейлердің мәдени білім беру қызметінің мазмұны мен түрлері қарастырылады. Зерттеу барысында музейлердің танымдық, тәрбиелік және коммуникативтік әлеуеті ашылып, оның білім беру кеңістігіндегі рөлі айқындалады. Музейлік білім беру үдерісі, әдетте, интерактивті сипатта ұйымдастырылып, балалардың танымдық белсенділігін арттыруға және олардың оқу процесіне деген қызығушылығын оятуға бағытталған. Мақаланың зерттеу мақсаты: музейлік білім берудің теориялық негіздері, музей педагогикасының мазмұны мен әдіснамалық тәсілдері, білім беру процесіндегі интерактивті формалардың (музейлік сабақтар, квесттер, үйірмелер, клубтар, экскурсиялар) тиімділігін көрсету. Сонымен қатар музей педагогикасы қызметінің дәстүрлі формаларының бірі – музейлік үйірме, оның ішінде «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей- қорығы базасында ұйымдастырылған үйірме жұмыстарының жүргізілуі сөз болады. Зерттеу нысаны ретінде 2025 жылдың наурыз-мамыр айлары аралығында жүзеге асқан, мектеп оқушыларына
бағытталған «Жас экскурсовод» үйірмесінің қызметі алынған.

Скачивания

Данные скачивания пока недоступны.

Опубликован

2025-12-19

Как цитировать

Орынбекова, А. (2025). МУЗЕЙЛЕРДІҢ МӘДЕНИ БІЛІМ БЕРУ ӘЛЕУЕТІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ. «Мәдени мұра», 111(4), 141–154. извлечено от https://madenimura-journal.kz/index.php/main/article/view/519