Журнал рецензияланады. Мақалаға рецензияны зерттеу саласының тақырыбына сәйкес келетін тәуелсіз ғалымдар немесе мамандар береді.
Рецензиялау мерзімі мақаланы жедел жариялау қажеттілігі ескеріле отырып жеке тәртіпте белгіленеді, бірақ ол бір айдан аспауға тиіс.
Егер рецензияда мақаланы қайта өңдеу немесе түзету жөнінде ұсыныстар берілсе, Редакция авторға рецензия мәтінін жолдап, жаңа нұсқаға тиісті өзгерістер енгізуді немесе ұсыныстарды (ішінара не толық) негізді түрде қабылдамауды сұрайды. Өзгерістер енгізілгеннен кейін мақала қайта рецензиялау рәсіміне жіберіледі.
Егер рецензент мақаланы жариялауды қолдамаса, ол қайта қарауға қабылданбайды. Мақаланы жариялау туралы оң шешім қабылданып, түзетулер енгізілгеннен кейін Редакция авторға жариялану мерзімін хабарлайды. Рецензияның сканерленген көшірмесі Журналдың сайты арқылы авторға танысу үшін жіберіледі.
Халықаралық ғылыми қауымдастықта қабылданған ғылыми этикалық нормалардың бұзылуын болдырмау мақсатында барлық мақалалар міндетті түрде қос жасырын рецензиялау (double-blind review) рәсімінен өтеді және этикалық талаптар қатаң сақталады.
Редакциялық алқаға жіберілген әрбір қолжазба зерттеу бағыты бойынша ғылыми сараптамадан екі деңгейде өтеді: «жасырын» рецензиялау арқылы. Рецензенттер ретінде ғылыми журналдың Редакциялық алқа мүшелерімен қатар, тиісті кәсіби салаларда терең білімі мен ғылыми беделі бар жоғары білікті сыртқы мамандар тартылады.
Мүдделер қақтығысы орын алған жағдайда редакция мақаланы басқа маманға қосымша немесе қайта рецензиялауға жіберуі мүмкін. Автор рецензенттердің ұсыныстары мен ескертулерін ескермеген немесе оларды қабылдамаған жағдайда, Редакциялық алқа мақаланы қабылдамау құқығына ие.
Оң пікірлер алынғаннан кейін қолжазба әдеби-редакциялық және техникалық өңдеуден өткізіледі.
Мақаланы жариялау мүмкіндігі мен орындылығы туралы түпкілікті шешімді Редакциялық алқаның ұсыныстары негізінде Бас редактор қабылдайды. Жариялау туралы шешім қабылданғаннан кейін Бас редактор авторға хабарлап, жарияланымның болжамды мерзімін көрсетеді.
Рецензенттер ретінде Қазақстанда және шетелде ғылыми ойдың дамуына елеулі үлес қосқан, тарих, этнология, археология, музей ісі, мәдениеттану сияқты әртүрлі ғылым салаларында өз ғылыми мектептері мен ізбасарлары бар Редакциялық алқа мүшелері тартылады. Сондай-ақ тиісті пәндік салаларда жоғары ғылыми беделге ие және ғылыми жарияланымдары бар мамандар да рецензиялауға қатысады.
Рецензенттердің құрамы тұрақты емес және қажеттілікке қарай жыл сайын өзгертіліп отыруы мүмкін. Сарапшылар аясын кеңейту мақсатында, сондай-ақ рецензенттер өз міндеттерін тиісті деңгейде орындамаған жағдайда, рецензенттерді ротациялау жүзеге асырылады.
Рецензенттердің міндеттері мен құқықтары:
Рецензент себептерін түсіндіріп, мақалаға пікір жазудан бас тартуға құқылы.
Рецензентің міндеттері:
- Мақаланы сапалы және мінсіз деңгейде рецензиялауды жүзеге асыру;
- Рецензенттің келісімінің сканерленген көшірмесін және рецензияның өзін белгіленген мерзімде редакцияның электрондық поштасына жолдау.
Рецензент келесі өлшемдер бойынша бағалайды:
1) Мақала мазмұнының ұсынылған тақырыпқа сәйкестігі;
2) Мақаланың құрылымы;
3) Мақаланың өзектілігі;
4) Ғылыми проблеманың қойылуы;
5) Автор ұсынған жаңашылдық деңгейі;
6) Зерттеу нәтижелері бойынша қорытындыға келу және зерттеудің болашағы;
7) Автордың ғылыми әдебиеттермен, соның ішінде халықаралық тәжірибемен
таныстығы;
8) Ұсыныстар мен ескертулер;
9) Қорытынды
Рецензияға қойылатын талаптар:
- тақырып бойынша бұрын жарияланған әдебиеттерді ескере отырып, мақаланы жариялау қажеттілігі туралы;
- автор қандай түзетулер мен толықтырулар енгізуі тиіс екендігі туралы;
- мақаланың кемшіліктері туралы.