Журнал «Мәдени мұра» – рецензируемый научный журнал открытого доступа
  • Перейти в режим для слабовидящих
ISSN 2708-3365 (Print)
ISSN 3006-1377 (Online)

ҰЯЛЫ ҚОРЫМЫНДА 2023 ЖЫЛЫ ЖАСАЛҒАН ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ НӘТИЖЕЛЕРІ

Авторы

  • Қасенәлі А.
  • Есен С.
  • Мұсырманқұл П.
  • Қызырхан М.
  • Сералиев А.

Ключевые слова:

Сарыарқа, Нұра, Ұялы, қорым, кесене.

Аннотация

Ұсынылған мақалада 2023 жылы Ақмола облысы Қорғалжын ауданында орналасқан Ұялы қорымында жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстарының алғашқы нәтижелері берілген. Ұялы қорымына тиесілі 5 жерлеу орыны анықталған. Зерттеу нысаны болып отырған екі кесене ортағасырлық (XIV-XV ғғ.) ескерткіштердің қатарына кіреді. Аталған нысандарда ағымдағы жылы геоақпараттық жұмыстар негізінде жер бедерінің цифрлы моделі, ортофото түсірілімдері жасалып, топографиялық жобасы сызылды. Археологиялық қазба жұмыстары барысында үйінді астында жатқан №1 кесененің құрылыс қалдықтары ашыла бастады. Кесененің құрылыс материалдары мен жобасының ерекшеліктері бойынша алдын-ала болжамдар жасалды. Қорымдағы №2 кесене толығымен ашылып, архитектуралық сипаты бойынша салыстырмалы талдау қорытындылары беріліп отыр. Қазіргі қол жеткен деректерге сүйене отырып, Ұялы қорымындағы екі кесене де XIV-XV ғғ. тұрғызылған деп болжам жасауға негіз бар.

Загрузки

Опубликован

2023-11-08

Как цитировать

Қасенәлі А., Есен С., Мұсырманқұл П., Қызырхан М., & Сералиев А. (2023). ҰЯЛЫ ҚОРЫМЫНДА 2023 ЖЫЛЫ ЖАСАЛҒАН ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ НӘТИЖЕЛЕРІ. «Мәдени мұра», 102(3), 80–91. извлечено от https://madenimura-journal.kz/index.php/main/article/view/188