Журнал «Мәдени мұра» – рецензируемый научный журнал открытого доступа
  • Перейти в режим для слабовидящих
ISSN 2708-3365 (Print)
ISSN 3006-1377 (Online)

ТАСТАРҒА ТІЛ БІТІРГЕН ТАРЛАН

Авторы

  • Тоқтабай А.У.

Аннотация

Археологтың өмірі ауыр, бірақ қызық, үнемі жүздеген, мыңдаған жылдар өтіп кеткен ата-бабалар ізін іздеп, тауып алған соң «оба, жұрт, қамал-кенттерді қалай қазсам», – деп жобалайды да, қазбадан табылған заттарды жүйелеп, тарихи деректермен салыстырып, қалай сөйлетсем деп өзінен алдыңғы мәліметтерге, кітаптарға үңіледі, сөйтіп тарихтың, өнердің, халықтың игілігіне айналдырады. Зейнолла Өскемен педагогикалық институтының тарих факультетінде 2-курстан бастап археологиялық экспедицияларға қатысып, Кеңес одағына танымал археолог Фирая Арслановадан тәлім алды. Бірнеше жыл экспедицияға қатысып, қола дәуірінің қыр-сырына үңілді. Ф. Арсланова Мәскеуге жұмысқа ауысқанда Өскеменнен Алматыға келіп- кетіп, жаз айларында республиканың белгілі археологы Мир Қасымұлы Қадырбаевтың экспедициясына қатысып, обалар мен қорғандарды қазудың әдістері мен тәсілдерін әбден меңгерді. Жалпы М.Қ. Қадырбаевтың мектебінен өткен археологтардың осалы жоқ. Ж. Құрманқұлов, А. Бейсенов, С. Жауымбаев, А. Ермолаева, т.б. «М.Қ. Қадырбаевтың экспедициясына қатысқанбыз», – деп әлі күнге дейін мақтанышпен айтады.

Скачивания

Данные скачивания пока недоступны.

Загрузки

Опубликован

2023-11-24

Как цитировать

Тоқтабай А.У. (2023). ТАСТАРҒА ТІЛ БІТІРГЕН ТАРЛАН. «Мәдени мұра», 99(4), 23–25. извлечено от https://madenimura-journal.kz/index.php/main/article/view/273