ҚАЗАҚ АЛТАЙЫНДАҒЫ БЕРЕЛ ЕСКЕРТКІШІ
Ключевые слова:
қазақ Алтайы, Берел обалары, ежелгі көшпелілер, ғұрыптық бұйымдар, геокриологиялық зерттеулер, антропология және палеогенетика, палеозоологиялық және палеопатологиялық зерттеулер.Аннотация
Мақалада 1998-2011 жылдары қазақ Алтайындағы Берел қорымында жүргізілген
зерттеу жұмыстарының қорытындылары сөз болады. Бұл құнды мағлұматтар
б.д.д. IV-III ғасырлардағы көшпелі халықтардың көркемөнері мен мәдениеті,
өмір-тұрмысы, жерлеу рәсімдері, діни ғұрыптары мен дүниетанымы туралы ғана
емес, сондай-ақ олардың шаруашылық жүйесі, әртүрлі материалдарды өңдеу
технологиясы және қоғамның әлеуметтік құрылымы, этникалық құрамы, әсіресе,
мемлекеттілігінің ерекшелігі туралы да ғылыми тұжырымдар жасауға мүмкіндік
береді. Материалда аталған аумақта өмір сүрген көне халықтар мен қазіргі қазақ
этносының арасындағы тарихи сабақтастық бұрынғыдай тек материалдық, яғни
заттық деректер арқылы ғана емес, сонымен қатар, молекулярлық биологиялық,
т.б. пәнаралық зерттеулер негізінде дәлелденеді.
