АРАЛ МАҢЫ ҚАРАҚҰМЫНДАҒЫ ЖАҢА ЗЕРТТЕУЛЕР
Ключевые слова:
Арал теңізі, Арал маңы, Археология, Этнография, Тас дәуірі, Қола дәуірі, Ерте темір дәуірі.Аннотация
Мақалада 2018-2023 жылдары Қызылорда облысы Арал және Қазалы аудандары аумағында орналасқан Арал маңы Қарақұмындағы археология және этнографиялық барлау жұмыстарының нәтижелері ұсынылған. Арал теңізінің геологиясы және экологиясы аймақтың ежелгі дәуірінің ескерткіштеріне қатысты құнды деректер мен зерттелу тарихы кезеңдермен берілген. Археологиялық барлау жұмыстары барысында ашылған ескерткіштердің картасы, беткі қабатынан жиналып алынған материалдар мен қыш ыдыстар кешені неолит, энеолит, қола және ерте темір ғасырына дейін Арал маңының орналасу тарихын қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Бұл дәуірлерде Арал маңы Оңтүстіктен де, Шығыстан да өткен көшпелі және жартылай көшпелі тайпалардың тұрақты көші-қон алаңы және осы кезеңдегі мал шаруашылығының негізгі орталығы болды, бұл туралы кейінгі тас дәуіріндегі қыш ыдыстардан бөлек тас құралдардың көптеп табылуы аймақтың ежелгі дәуірдегі маңыздылығын көрсетіп отыр.