Аннотация
Бүгінде əлемдік əдебиетте зерттеудің жаңа түрлері қалыптасып, көркем
шығарманы талдаудың əр түрлі аспектілері пайда болды. Əлемдік əдебиеттануда
кейіпкерлердің психологиялық ерекшелігі мен оны бейнелеген автор санасындағы
символдар мен кескіндердің оқиғаға айналу процесіне үңілу, мəтінді эстетикалық,
психологиялық, философиялық тұрғыдан жан-жақты зерттеуге жете көңіл
бөлуде. Көркем шығармадағы образдар мен сюжеттік оқиғалардың астарында
жазушының ұлттық дүниетанымы, генетикалық коды тұрғаны анық. Сол тұрғыда
мақалада халқымыздың ұлы ақыны, данышпан ойшыл Абай Құнанбайұлы
шығармаларындағы халықтық дүниетанымды, арғы замандардан жалғасып келе
жатқан ой-сананы, тілдік қатынастарды архетип ұғымын талдау арқылы анықтауға
талпыныс жасалған. Ғалым ұлттық санаға қозғау салып, арғы тегімізді тануға алып
келетін ұлттық архетип, символдар мен кескіндердің Абай шығармаларынан нақты
танылатындығына назар аударады.
01 Введение
Полный текст статьи доступен для скачивания в формате PDF на панели справа.