«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ ТҮРКІЛІК ИНТЕГРАЦИЯ
Мақалада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы
Н.Ə. Назарбаевтың «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан Халқына
жолдауы, сонымен қатар «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың
жеті қыры» мақалалары талқыланып, «Мəңгілік ел» идеясының негіздері
айқындалған. «Мəңгілік Қазақстан» жобасы – ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа
дəуірдің кемел келбеті. Қазақ елі өткен 30 жылда қыруар іс тындырды. Жаңа, жас
мемлекет үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырды. Бүгінде Отанымыздың
жетістіктері – əрбір азаматтың ұлттық мақтанышы. Күшті, қуатты мемлекеттер
ғана ұзақ мерзімдік жоспарлаумен, тұрақты экономикалық өсумен айналысады.
«Мəңгілік ел» идеясы – барлық саланы қамтитын жəне үздіксіз өсуді қамтамасыз
ететін жаңғыру жолы. Сол тұрғыда жұмыс барысында ұлттық идеяның ұлтаралық
біріктіру күшіне ие екені жөнінде нақтылы талдау жасалған.